Менің атым Снежана, мен өз отбасыммен жақсы пәтерде тұрамын. Біздің пәтер үшінші қабатта, барлық жағдайымен. Бізде жайлы екі бөлмелі пәтер. Ол бір балалар және үлкен қонақ бөлмесінен тұрады. Бұдан басқа, ас үй, ванна бөлмесі, туалет бар. Біздің пәтердегі ең үлкен бөлме-қонақ бөлмесі. Мұның көп пайдалы әсерлері бар. Мысалы: біз онда теледидар көре аламыз немесе отбасылық кештер өткіземіз. Қонақ бөлмесінде үлкен диван бар, ол кровать бола алады. Балалар бөлмесі менің және ағамдікі. Бұл шағын бөлме, екі қабатты кроватпен, бір киім салатын шкафен жабдықталған. Және компьютер тұратын стол бар. Біз үй жануарын ұстаймыз. Маған өз пәтерім ұнайды.
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!