Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан - отбасынан
басталады» дегендей, Отанды сүю
отбасынан деген рас! Себебі отбасы-
бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасы - табиғат сыйлаған
кереметтердің бірі.Сондай
кереметтердің бірі- менің отбасым.
Отбасымыз онша үлкен емес. Менің
отбасымда 5 адам бар. Олар әкем,
анам, әпкем, ағам және мен. Біз Алматы
қаласында тұрамыз. Менің атым -
Диана. Менің жасым 11де,6-сыныпта
оқимын. Әкемнің мамандығы
экономист. Есімі- Қайрат. Анам - мұғалім.
Анамның жасы 43-те, ол әкемнен 2 жас
кіші. Есімі- Айгүл Әпкем бухгалтер
болып ірі сауда дүкенінде жұмыс істейді.
Аты- Аружан.Ол 22-де. Ағамның аты –
Нұрлан, ол Қаз МУдың 4-курс студенті.
Болашақ мамандығы заңгер. Жасы 19-да.
Менің атам мен әжем бар.Олар ауылда
тұрады.Мен жазғы демалыста атам мен
Әжеме барамын. Біздің отбасы өте
тату.Мен отбасымжы жақсы көремін.
1.Мәтін не туралы?
2. Отбасы дегеніміз не?
3. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады
Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.