Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір - бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті».
Отбасы – тұлға тәрбиелеудің және оны қоғамның сан қырлы жақтарын игеруіне мүмкіндік туғызатын ең алғашқы әлеуметтік орта.
Халқымыздың ұлы ақыны хакім Абай баланың өмірді танып-білуіне, оның бойын¬да қалыптасар барлық қасиеттеріне бір жауапты адам ата-ана дей келе: «Балаға, көбінесе, үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Осылардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе сонысынан жұғады» деуінде үлкен тәрбиелік мән жатыр. «Отан – отбасынан басталады» дейді халық. Отбасының екі тірегі – әке мен ана. Адамды әлеуметтендіру, яғни оның қоғамға енуі, өзгелермен қарым-қатынасы отбасынан басталады. Үлкенді құрметтеп, қадір тұтуды, сыйласа білуді қазақтар отбасында берік ұстанған. Атап айтсақ, «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды», «Аға әдепті болса, іні әдепті. Апа әдепті болса, сіңлі әдепті», «Әдептің не екенін, әдепсіз адамды көргенде ұғарсың», «Жібек мінезді қыз жұртқа жағады». Осы тектес мақал-мәтелдеріміз қазақ халқы әр уақытта әдептілікті құрмет тұтқанын, сыпайы, кішіпейіл адамды басқаларға үлгі-өнеге ете білгендігін, жас ұрпақтың тәлімді, тәрбиелі болып өсуіне ерекше назар аударғандығын айқын көрсетеді.
Отбасылық құндылықтар – ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың негізі. Әр көкірегі ояу қазақ баласының ұлттық құндылықтарды меңгеруі оның отбасылық құндылықтарды меңгеруінен басталады.
Сонымен, отбасы құндылығын сақтау әрі оны кейінгі ұрпаққа аманаттау қазақ өркениетінің темірқазығы болып табылады.
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын(синоним) табыңыз.
Көнеден [1]
Дүниежүзінде [1]
Көптеген [1]
Мұғалімінен [1]
Меңгеруіне [1]
Кезекшілік туралы диалог құрастыру.
Алтынай: Бүгін сыныпта Әлібек, Ханшайым және сен кезекшілік етесіңдер. Ұмытып кетпеңдер.
Алдияр: Есіме салғанын дұрыс болды, мен сабақтан соң үйге қайтып бір шаруаларымды істеймін деп жоспар құрып отырсам ...
Алтынай: Орындықтардың барлығын көтеріп қойыңдар. Ханшайым шаң сүртіп, гүлдерге су құяр.
Алдияр: Жақсы, әрине бәрін реттеп жинастырып кетеміз.
Алтынай: Тақтаны да сүртіп қоюды ұмытпаңдар. Келесі ауысымға таза болып дайын тұрсын.
Алдияр: Жақсы, терезені ашып кетейік пе?
Алтынай: Жоқ, дала жел болып тұр. Ашып кетпеңдер, сынып қалып жүрер. Абай болыңдар.
Алдияр: Уайымдама. Бәрін жинап, дұрыстап кетеміз.
«…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.