Бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет .Баланың өмірге бейімдеуде мектеп , ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады .
Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп , болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі . «Отан отбасынан басталады» демекші ,
ата –аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп , оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе . Осы мәселеге ата –аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ , алар асуымыздың биік болары сөзсіз.
Адамгершілік –адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз-адамгершіліктің асқар шыңы . А қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады . Адамгершілік негізі – имнадылық пен ізеттілікте .Ол әрбір отбасынан басталады . Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке , ізеттілікке ,инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған .Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді , қыз балаларға ибалық жасап жол беруді , жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық , кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңірумен болған Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие .
Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді . Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да , жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата –ананың үйдегі іс –әрекеті балалардың көз алдында өтеді . Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай , оның мұң –мұқтажын өтерлік , елін, жерін , халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды , отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді .
Бүгінгі ұрпақ –еліміздің болашағы .Біздің алға қойған мақсатымыз –қазіргі қоғам мұратына сай жан –жақты жарасымды тұлға өсіру .
Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады .
Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса , тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет . Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ , оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі , яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өсіреді . Бұл қасиеттердің бәрі а кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қошаған ортасына , мұғаліміне,ата –анасына , құрбы –құрдастарына , олардың іс –әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты .
Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата –бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың батыр , қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге –өсиетін сабақта ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын.