ответь на вопросы.Текста к заданию нету. 1. Қалай ойлайсың, Филофей хатты неліктен Рим папасына жолдады?
2. Сенің ойыңша, ол хатты кімге жолдауы керек еді?
3. Қалай ойлайсың, Рим папасы не деп жауап береді?
4. Рим папасының жауабын болжап айт.
5. Бұл шындыққа айналса, сен не істер едің? Филофейдің идеясын бағалап айт.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалдық қызметіне жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
Қазақфильм – Алматыдағы киностудия. 1934 жылы құрылған Алматы кинохроника студиясы мен Алматы көркем фильмдер студиясы (1941) негізінде ұйымдастырылған. 1941 – 1944 жылы Алматы көркемфильмдер киностудиясы көшіп келген “Мосфильм” және “Ленфильм” киностудияларымен қоса Бірлескен орталық киностудиялар (ЦОКС) құрамына кірді. Соғыс жылдары ЦОКС-та КСРО фильмдерінің 80%-ы түсірілген. 1944 жылдан бастап өз алдына дербес Алматы көркем және хроникалы фильмдер киностудиясы болып құрылды, ал 1960 жылдан “Қазақфильм” деп аталды. 1984 жылы Ш.Айманов аты берілді. 2000 жылдан бастап Ш.Айманов атынд. “Қазақфильм” Қазақ ұлттық компаниясы деп аталады. Студияның алғашқы туындысы Мұхтар Әуезовтың сценарийі бойынша қойылған “Абай әні” (режисер Григорий Рошаль, Е.Арон) фильмі болды.