ответьте на вопрос .. алдыңғысы-әжей,онан кейінгісі-он жасар орынтай, оның соңында-бір әйел . биіктігі белден асатын тақтай қоршаудың арғы жағындағы дүкенші әйел алма өлшеп жатты. бір алма таразы табақшасынан сатып алушылар жаққа домалап түсіп кетті. алма болғанда қандай! әрбіреуі қос жұдырықтай. дүкенші әйел ең жасы осы ғой дегендей орынтайға қарап: -қарғам, түскен алманы әперіп жіберші,-деді. орынтай естімеген кісідей бедірейіп тұра берді.алманы одан кейінгі әйел әперді. әжей кетіп,кезек орынтайға келгенде, ол үш килограмм алма өлшетті. соны дорбасына асығыс сала бастағанда, байқамай қолының сыртамен қағып жіберіп, екі алма дүкенші мегендей, әйелге алма өлшеуге кірісті. орынтай қипақтап сәл тұрған соң: -апай, сіз жаққа домалап түскен екі алманы әперіңізші,-деп өтінді. -ә-ә, ие! сол бар екен-ау.қазір, қазір! мен тілазар емеспің, тілағышпын,-деп дүкенші әйел едендегі екі алманы еңкейіп алып, орынтайдың алдына қойды. қызарып кеткен орынтай алғысты дауыстап айтуға да ұялғандай, "рақмет" деген сөзді естілер-естілмес қана міңгірледі.мұның қылығына анасы қатты ұялды. кім өкінді ? кім ұялды ? кім кімнің қателігін бетіне басты ?