В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
111110098735280
111110098735280
21.10.2021 21:11 •  Қазақ тiлi

Қоян өзін қалай қорғайды Қоянның өткір тырнағы да, азулы тісі де жоқ. Оның есесіне ұп-ұзын сақ құлағы мен желдей ескен жүйрік аяғы бар. Оның жауы көп, ал одан құтылудың жолы біреу-ақ, онысы: қауіп-қатерді дер кезінде сезіп-біліп, зыта жөнелу. Қоян желдей есіп, зымырайды жәнс оның үстіне ізінен адастырып кетеді. Ал енді мықты болсаң, ізін кесіп көр.
Демек, бұл қоянның қорқақтығы емес, нағыз сауысқандай сақтығы болып табылады. Дегенмен, қоян кейде өзін басқаша да қорғай алады. Ол жапалақты немесе үкіні дер кезінде байқай қалса, шалқасынан жата қалады. Мұндайда оған жақындамаған жөн, өйткені оның артқы аяқтары кәдімгідей қауіпті, күшті болады. Теуіп жіберсе, жапалақ пен үкі түгіл итті де оңдырмайды.

Мәтінге байланысты тест тапсырмалар:

1. Мәтінге сай ақпаратты белгіле:
A) қауіп-қатерді дер кезінде сезіп-біледі
B) қоян өзін қорғай алмайды
C) оның артқы аяқтары әлсіз болады
D) қоянның өткір тырнағы бар

2. Қоян өзін қалай қорғайды?
A) Азулы тістерімен
B) Өткір тістерімен
C) Ұзын аяқтарымен
D) Қоян өзін қорғай алмайды

3. Қоян жапалакты, не үкіні дер кезінде байқай алса, не істейді?
A) Зыта жөнеледі
B) Шалқасынан жата қалады
C) Ұзын құлағымен бетін жабады
D) Тығылып қалады

4. Қоянның артқы аяқтары неліктен қауіпті?
A) желдей есіп, зымырайды
B) ізінен адастырып кетеді
C) шалқасынан жата қалады
D) теуіп жібереді

5. Мәтінде жауабы бар сұрақты белгіле
A) Қоянның қанша жауы бар?
B) Қоянның өзін қорғайтын дене мүшесі қандай?
C) Қауіп-қатерді сезінсе, қоян қайда зыта жөнеледі?
D) Қоян өз терісінің түсін неліктен өзгертеді?

Показать ответ
Ответ:
Maowsk
Maowsk
18.05.2021 08:10

1.A) қауіп-қатерді дер кезінде сезіп-біледі

2.C) Ұзын аяқтарымен

3.B) Шалқасынан жата қалады

4.D) теуіп жібереді

5.B) Қоянның өзін қорғайтын дене мүшесі қандай?(Жауабы:аяғы)

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота