Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну тапсырма
Мәтінді мұқият оқып 6 тірек сөз бен сөз тіркесін анықтап, бағдарсызық бойына жазыңыз. 6 б
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында тұратын бір кәсіпкер ауылда жиі жарық өше бергендіктен, өз қолымен желден қуат өндіретін өондырғы құрастырып алған. Қәзір ауласында тұрған құрылғыдан күніне 3 киловатқа дейін электр энергиясын алады. Былтыр осы бастамасы үшін Бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. Содан бері тағы 7 жел қуатын өндіретін құрылғы жинап шығарды. Тұтынушылар - негізінен жергілікті тұрғындар мен жеке шаруашылық иелері. Алғашқыда желден энергия өндіріштің шағын түрін жасады. Қәзіргілері қуаттырақ секундына 15-20 метр жел соққанда бір құрылғы күніне 2-3 килловат электр энергиясын өндіреді.
Тірек сөз
2. Тірек сөздердің негізінде мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын аңықтаңыз. 2б
Тақырып Негізгі ой
3. Мәтіннің ішінен есімдікті тауып, түрін анықтаңыз. 2 б
Дискриптор: Білім алушы
-мәтін құрауға негіз болған 6 тірек сөзді анықтайды;
-анықталған тірек сөздерді кластерге орналастырады;
-тірек сөздердің көмегімен мәтінге ат қояды;
-мәтіндегі негізгі ойды 1 сөйлеммен береді; есімдікті тауып, түрін анықтайды. 10 б
Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. *Бастауыш* кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст) Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.
*Баяндауыш* - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.
На казахском "Тұрлаулы мүшелер "- на русском "Главные члены предложения "
Желаю удачи ! Сәттілік тілеймін ))