Озоглтавьте текст. Халық аңызы бойынша, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күмбезі қаланған тасты басқа бір таудан әкелген. Тау мен Аягөз өзенінің бойында мыңдаған кісі атпен тізбектеле тұрып, қолдан қолға беріп жеткізіп тұрған. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» кешені халыққа үлкен әсер еткен. Аягөз өзенінің бойымен өтетін жолаушылар, ғалымдар, әскербасылар оған соқпай кетпеген. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының қазақша ескі қолжазбасын алғаш рет (1827 жылы) тапқан – И. Беленицин. Бұл жырды Беленицин Пе- терборда сенатқа, білім орындарына апарып көрсетеді, қайдан тапқанын айтады. Бұл мәселе А.С.Пушкинге де таныс болады. А.С.Пушкиннің қағаздарының ішінде жырдың бір нұсқасы сақталған. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының сюжеті А.С.Пушкинге ұнаған (Әлкей Марғұланнан).
Франциядағы Жакерия. 1358 жылы Бовези округінде шаруалардың Жакерия деп аталған көтерілісі болды. Көтеріліске 100 мыңдай адам қатысты. Көтерілістің себебі — Жүзжылдық соғыстан және «қара өлім» індетінен туындаған елдегі күйзеліс, салықтың өсуі еді. Сонымен бірге жалдамалы әскерлердің тонаушылық әрекеттері қарапайым халықтың ашу-ызасын келтірді. Көтеріліс ұйымдаспаған түрде кенеттен туындады. Шаруалар салыққа және өздерін әртүрлі жұмыстарға тегін пайдалануына қарсылық ретінде феодалдар әскерімен қақтығысып қалады. Мұның аяғы көтеріліске ұласып, Солтүстік Францияның — Бовези, Пикардия, Шампань аймақтарын қамтыды. Әсіресе Бовези аймағында көтеріліс кең етек алды. Көтерілісті, әскери істі білетін, шаруа Гильом (Гийом) Каль басқарды.
Көтеріліске шаруалармен қатар, қолөнершілер, ұсақ саудагерлер т.б. қатынасты. Кейбір қала тұрғындары да көтерілісшілерге қолдау көрсетіп, қала қақпаларын ашуға көмектесті. Көтерілісшілер «қайырымды корольге» сеніп, негізгі ашу-ызасын феодалдарға қарсы бағыттады. Сондықтан олар сарайларды қиратып, өздеріне салынатын салық қағаздарын өртеді, феодалдарды қатыгездікпен өлтірді.
Гильом Кальды феодалдар алдап, келісімге шақырып, өлтіреді. Басқарусыз қалып, нашар қаруланған шаруаларды феодалдар отрядтары тас-талқан етіп жеңіп шығады. 1358 жылы француз тағының мұрагері Карл Парижды басып алып, көтерілісшілерді жазалады.