В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
elvira125
elvira125
12.05.2022 18:29 •  Қазақ тiлi

Паралимпиада ойындары Сөйлемдердің ретін анықтап, мәтін құра.
Паралимпиада ойындары дәстүр бойынша басты Олимпиада ойындарынан кейін өткізіледі.
Жазғы Паралимпиада ойындары 1960 жылдан, ал қысқы паралимпиада ойындары 1976 жылдан бастап өткізіледі.
1992 жылдан бастап Олимпиада ойындары өткізілген қалада паралимпиада ойындары да өткізіледі.
Ал 2001 жылы бұл тәжірибе Халықаралық Олимпиада комитеті және Халықаралық Паралимпиада комитеті арасындағы келісімшартпен бекітілген.

Артқа

Тексеру

Показать ответ
Ответ:
azaliyazaynulinnf
azaliyazaynulinnf
08.05.2020 04:03

Ата – ана туралы мақал – мәтелдер.

Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

* * * * *

Жалғыз баласы атқа шапса,

Атасы ауылда тұрып

Тақымын қысады.

* * * * *

Ана жақсылығын,

Ауырсаң білерсің.

Қайын жақсылығын,

Қырырсаң білерсің.

* * * * *

Баланың өзі болғандай,

Келіннің өзі келгендей.

* * * * *

Ата-ананың қадірін

Балалы болғанда білерсің.

Ағайынның қадірін

Жалалы болғанда білерсің.

* * * * *

Ақ шашты ана:

«Жастығым - балам» дейді.

Ақылды бала:

«Ай-күнім - анам» дейді.

* * * * *

Ана алдында – құрмет,

Ата алдында – қызмет.

* * * * *

Малды баққан өсірер,

Баланы тапқан өсірер.

* * * * *

Бала –

Ананың бауыр еті көз нұры.

* * * * *

Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.

* * * * *

Бесіктегі баланың

Күлгенін көрген бір мұрат.

Алдынан түсіп ананың

Жүргенін көрген бір мұрат.

* * * * *

Өз кемеріңнен шыққан баланы

Бал сүтіңмен бағарсың.

Бал сүтіңмен бақпасаң,

Қайтіп көңілін табарсың?!

* * * * *

Мейірімі мол ананың –

Жүрегі жылы, қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы, жолы кең.

* * * * *

Ақ жаулығы ананың –

Ақ көрпесі баланың.

* * * * *

Ана алақанының аясы –

Ақы шынардың саясы.

* * * * *

Ананың сүті – бал,

Баланың тілі – бал.

* * * * *

Ана сүтін ақтамағанды

Ешкім мақтамайды.

* * * * *

Әкеден – ақыл,

Анадан – мейір.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Виолетта030905
Виолетта030905
23.01.2022 17:45

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота