Перевести казахскую лит-ру,кто сколько сможет наурызда қазақ шәкірттері сауық жасауға даярландық. жастардың талабы, өнері, жігері, қызметке жарамдылығы сыналатын жер де сауық, шалағайлығы, салақтығы, қорқақтығы, мақтаншақтығы, өзімшілдігі байқалатын жер де сауық. спектакль қоюға лайықты кітабыңыз да, әйелдеріміз де болмады. бірлі-жарым оқыған әйелдер ұялды, бұлданды, көнбеді. бір-екіретшақырсақ та «басыауырып» келмейқалды. сонымен бір перделік күлкі, қалғанын декламация, хор, ән домбыра, оркестрмен өткізбек болдық. сауығымыз сары ала болсын деп, әмірқанды да шығарып, ән салғызбақ болдық. халық мұнша жиылады деген есте жоқ. мына топты, анау қызметті көрген соң көңіліміз көкке серпіп, аяғымыз сайға тимей жүр. жұрт у да шу, мәз-мейрам. сауықты наурыз мейрамына арнаған соң қазақтың ескі ырымын да істегенбіз. сарқасқа құрт көжені тай қазанға жүздіріп, бұқтырып қойғанбыз. ішіне жылқының басын салып, екі-үш табақ ет асып, үлкендердің алдына тартпақ болғамыз. бірақ «әбиірді ақша отау жауып», кейінгілер сүрінбей шықты. әсіресе жұртты сүйіндірген әмірқан болды. қазақ ішіндегі жиын, тойда айтқаны болмаса, әмірқан театрда ән салып көрген жоқ екен. «жұртқа тәжім етесің, домбыраңды көп күйлеп жалықтырмайсың, сыпайы жүріп тұрасың» деп тапсырғамыз. әмірқан оның бірін де істеген жоқ. жайдағысындай іркілместен тайтаңдай басып барды да намазды тізе басқан кісіше, белуарына шейін еңкейді. сөйтті де шалқайып отыра кетті. әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады. өзге шығушылардан әмірқанның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да жат еді, қазақтың еркіндігін еске түсіруші еді. домбырасын күйлеп, екпіндетіп бір-екі сарындатып алды да, айқайға басты. зал тым-тырыс топ көргенде әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен. бұрынғы дауысы астар болмай қалды. зал жаңғырып, күңгірлеп кетті. бұл жолы әмірқан басқа әнге салды. бір-бірін қиып кете алмай, мұратына жете алмай, қош айтысқан жарға ұсап, жалғызынан айрылып, қанатынан қайырылып, зарлаған бейне жанға ұсап, болмаса жылап егілген, көзден жасы төгілген, бейне бір қайғы-зарға ұсап, өкінішті, өксікті, қасіретті, мұңды әнді сарнады. жұрт төмен қарап, әркім жүрегімен сырласқандай, әншінің бітіргенін де сезбей қалды. кенет тым-тырыс бола қалды да, шапалақ қайта соғылды. қалғып кетіп оянған, қызықты тәтті түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тәтті үннің кеткеніне өкініп, өршелене соғылды. әмірқан тымағын қыңырайта киіп тағы барды. тағы соқты. тағы да ескектете, желпіндіре, желіктіре, ышқындыра, құлшындыра соғып, тыңдаушының айызын әбден қандырды. әмірқан бәйгеден келді! зал сарт-сұрт, айғай-ұйғай, гуілдеп, толқындап барып басылды. әмірқанды құшақтап алып, арқаға қағып, бетінен сүйіп жатырмыз. әмірқандай әнді ешкім сала алмайды. жай жүргенде әмірқанды ешкім де елемейді. әмірқан ән салса, сонда кім екенін білесің. ән салса, ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның дауысы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді. ол тәтті үнге, топқа бола жаралған . ән салса рақаттанып, гүл-гүл жайнайды. көзі де, аузы да, денесі де, қолы да бірге салады. әмірқан кісі емес, әнге айналады. оның ән салғандағы түріне қарап отырсаң, тоясың. бірақ әмірқан үнемі олай айта бермейді. әмірқан қымызы, тобы, ойын-сауығы, қыз-келіншегі бар жерде өзін-өзі ұмытып айтады. әнін ұғушы, тыңдаушы болса, шабыттанып айтады. тың, жыбырлап сөйлесе бастаса, әмірқан тұрып кетеді, айтпайды. әмірқан кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын жігіт. наурыздан кейін бізбен дос болып кетті. бер жаққа шықса, бізге соқпай кетпейді.