В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
vsevolod2013
vsevolod2013
17.10.2021 12:51 •  Қазақ тiлi

Перевод
нақ осы жерден жиренайғыр өзені өтетін. тура тартылып, үйіліп келген жал топырақ өзенге жақындағанда иіндеу болып төселді. алғашқы кезде бұған әліштің ақылы жетпей жүрді. судың арғы бет өте берісі де нақ осындай иін болады да, одан әрі түп-түзу болып кетеді.

бір күні осы өзен бойына көп ағаш түсірілді. ағаштан зәулім көпір салынды, жал болып үйілген тас-топырақтың үстіне көлденең ағаштар төселінді. қырлы жіңішке ұзын шойындар әкелініп, қатарынан осы көлденең ағашқа шегеленгенде әліштің ойына ауылдағылардың «жол домбыраға ұқсайды» дегені түсе кетті. жол, шынында да, домбыраның мойнына ұқсап қалды. екі рельс екі шек те, ал шпалдар перне сияқты.

жол бітіп поезд келерде, әліш үмбеталовты жол мастері тарасов шақырып алды да:

— сен поезд өткенше көпірдің астына жатасың,— деді.

— менің де поезды көргім келеді, дмитрий степанович,— деді ол.

— сен поезды көрмек түгіл, мәңгі сонымен бірге боласың, алғашқы поезд өткенше осында қаласың,— деді тарасов. сөйтіп, бірінші рет поезд өтетін көпірдің астында әліш жалғыз қалды. әдетте бұл кезде жұмыстағы ең озат поезд алғаш өткенде көпірдің астында қалу құрметіне ие болады екен. ол кез-келген ға ұсыныла бермесе керек.

поезд гүрсілдеп өте шыққан соң, әліш орнынан тұра келіп жол үстіне қарап еді, түтіні будақтап паровоз жүйткіп барады екен. бұрын поезд көрмеген түйелі, атты қазақтар паровоздың артынан таң қалысып қарап тұр, енді біразы жарысып шауып барады. әліш ел қуанышының куәсі болды. кейінірек өзен жағасындағы иіннің мәнісін де түсінді, ол цементтен, тастан біржола істелетін темір бетонды көпірге қалдырылған орын болып шықты.

Показать ответ
Ответ:
Katyakat20050904
Katyakat20050904
20.07.2020 10:53

Фонетика (гректің фоне — дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған)— тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу зандылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Дыбыстың сипаты әр қилы. Айналадағы заттардың әр түрлі қозғалысынан, қақтығысынан шығып, құлаққа естілетін үннің бәрі де дыбыс деп аталады. Мысалы, желдің уілі, күннің күркіреуі ағаштың шарт сынуы, бір заттың екінші бір затқа тарс етіп тиюі т. б. әр түрлі үннің барлығы дыбыс болып саналады. Бірақ бүі сияқты дыбыстардан тіл дыбыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар; екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі үғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.

Дыбыстау мүшелеріне тыныс жолы (мүшелері), ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне карай дыбыстардың сипаты анықталады.

Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР.

Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Сөйтіп, дауыссыз дыбыстарда дауыс болмайды, олар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады. Қазақ тілінде 36 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Дауысты дыбыстан кейін айтылғанда, у дыбысы дауыссыз болып келеді: бауыр, ауыр, жауын, әуре т. б. Дауысты дыбыстар буын кұрайды да, дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды. Сондықтан сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады. Берілген сөздер буынға былай бөлінеді: ба-уыр, а-уыр, жа-уын, әу-ре. Бұл| сөздердегі у буын кұрай алмай тұр.

Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі.

1. Дауыс (үн) қатысына карай дауыссыздар қатан, ұяң және үнді (сонор) болып үшке бөлінеді. Кейде қатаң және ұяң дауысыздар үнсіз дыбыстар деп те аталады. Үнді дауыссыздар ауыз жолды (р, л, й, у) және мұрын жолды (м, н, ң) болып та бөлінеді.

Қатаң дауыссыздар: п, ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х. Қатаң дауыссыздарда ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады.

Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады.

Үнді (сонор) дауыссыздар: р, л, й, у (ауыз жолды, және м, н, ң (мұрын жолды). Үнді дауыстыларда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.

Дауыссыз дыбыстардың дауыс (үн) қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып жіктелуі дыбыс жүйесіндегі дыбыс үндестігі (ассимиляция) деп аталатын, көрші дыбыстардың бір-біріне әсер ететін ықпал заңына негіз болады.

2. Айтылуына (жасалу тәсіліне) карай дауыссыздар шұғыл және ызың болып екіге бөлінеді.

Шүғыл дауыссыздар: б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч.

Ызық дауыссыздар: в,ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ.

3. Жасалу орнына (дыбыстау мүшелерінің қатысына) қарай дауыссыздар төмендегіше жіктеледі:

Ерін дауыссыздары: б, п, м, у.

Тіс пен ерін дауыссыздары: в, ф.

Тіс дауыссыздары: з, с, д, ж, л, ц.

Тіл алды дауыссыздары: ж, ш, щ, ч, н, р, л, й.

Тіл ортасы дауыссыздары: к, г.

Тіл арты дауыссыздары: қ, ғ, ң, х.

Көмей дауыссызы: һ.

Дауысты дыбыстар - дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық - қысаң, еріндік - езулік, жуан - жіңішке болып бөлінеді.

«Отбасы» сөзінің фонетикалық талдауы.

Отбасы – 3 буын: от – тұйық, ба – ашық, сы – ашық.

О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;

Т - дауыссыз, қатаң;

Б – дауыссыз, ұяң;

А - дауысты, жуан, ашык, езулік;

С - дауыссыз, қатаң;

Ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік;

Сөзде 6 әріп, 6 дыбыс бар.

«Енші» сөзінің фонетикалық талдауы.

Енші – 2 буын, ен – тұйық, ші - ашық.

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;

Н - дауыссыз, үнді;

Ш – дауыссыз, қатаң;

І - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.

Сөзде 4 әріп, 4 дыбыс бар.

0,0(0 оценок)
Ответ:
irinslab
irinslab
13.03.2021 04:34

2013 жылдың 21 жұлдызында Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Табиғат - алтын бесік» атты балалар суреттер көрмесінің жабылу рәсімі өтті. Табиғат жайында сыр шерткен балалардың суреттер көрмесі кітапханамызда 26 сәуірде ашылған болатын. Шара «Америкамен танысыңыз» атты бағдарламасының шеңберінде № көркемөнер мектебімен бірлесіп ұйымдастырылды. Жыл сайын өткізілетін бұл көрме Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және қоршаған ортаны қорғау бағыттары бойынша іске асты.

Аталмыш шара табиғат пен жануарларды аялауға шақырып, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қоғам назарын аударуға бағытталған.

Халықаралық жер күніне орай ұйымдастырылған көрмеге қылқалам шеберлерінің 60-тан астам туындысы қойылған. Жас суретшілердің әр жұмысында табиғатқа, қоршаған ортаға, жануарларға деген махаббаты мен жүрек жылуы байқалып тұрды.

Әділ қазы мүшелері сынға сала отырып үш орын иегерлерін белгіледі. Сонымен қатар, кітапхана өз тарапынан үш талантқа көрермендер көзайымы жүлдесін ұсынды. Көрмеге қойылған оқушылардың жұмыстары бағаланып, арнайы сый-сыяпаттармен марапатталды.

Жыл сайын ұйымдастырылатын көрмеден алдағы жылдарда талантты да талапты жас суретшілеріміздің еңбектерін көреміз деген үміттеміз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота