Перифразбен берілген сөйлемдердің ішінен мазмұнға сай ақпараттарды анықтаңыз. Сәйкес тұжырым тұсына «+»/«-» белгісін қойыңыз. / Определите среди данных перефразированных предложений соответствующую тексту информацию.
Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді. Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған. «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп- ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат- көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған. Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.
Сонау тіршілік пайда болғаннан бері жұмыр басты жанның басына нелер келіп, нелер кетпеді десеңізші? Тас дәуірінен бастау алатын ұлы тарихтың бір бөлігі құс қанаты талатын ұлан байтақ дархан далам, мен оны жұмақ мекенге айналдыра білген ұлы даналарымыздың өмір жолындағы ашық күрестері мен сан сан тарапқа бөлінген зарлы өмірі, тарихтың тар жол беттеріне көз салсақ, еліміздің Тәуелсіздік жолындағы көрген қиындықтары елім деп соққан есіл жүректерді езіп, қабырғасын қайыстырғаны һақ.Десекте осы қиындықтармен, соқпақтарға еліміз қарсы тұрып, өмір үшін күресте жеңуге ұмтылды.Сан ғасырлық тарихтың сахнасынан менің елімде, жерімде ойып тұрып өз орнын алған. Оған дәлел ретінде осы өлкеден шыққан батырларымызбен даналарымызды айтсақ болады. Өз өлкемнің тарихы мен үшін баға жетпес байлық, сарқылмас қазына іспетті. Қазақта, «өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес» деген сөз бар.Иә, шынында да өз өлкеміздің тарихын білу ертеңгі күніміздің бағытын анықтауға бірден-бір көмек болады.Қазіргі таңда еліміз тәуелсіз мемлекетке айналып, алпауыт мемлекеттердің қатарында тұрғаны қазақ баласына болашаққа деген үміт отын жағатыны жан қуандырады.Мемлекетпен оны құрайтын халық бір тұтас ұғым секілді, елімнің ұлы тарихы менің тарихым.Сан ғасырды қамтыған тарих тағылымының арқасында ұлы еліміз болашақтың бағытын дұрыс құра білді.
Оған дәлел, кеше ғана өз төрімізде өткен әлемдік 28-ші қысқы универсиядада алпауыт мемлекеттерді артқа тастап, биік шыңнан көргеніміз. Халқымыз осы жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Еліміздің бүкіл әлем көзін тігіп отырған «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмеге ие болуы, өзге елдерге үлгі боларлықтай игі іс болды. Осындай тарих беттерінде алтын әріппен жазылатын ұлы бастамалар ұлы дала елінде, болашақтада өз жалғасын табады деп сенеміз.
Қоршаған ортаны қорғау– қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Елімнің тарихы менің тарихым