В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
alinasun230503
alinasun230503
24.04.2020 16:38 •  Қазақ тiлi

Пирамида туралы шағын мәтін жазу жберңш​

Показать ответ
Ответ:
Артем15227897
Артем15227897
19.11.2020 04:23

Ауылшаруашылығы мен қолөнердің дамуы Египетті нығайтты. Мол өнім тайпа көсемдерінің жағдайын жақсартты. Байлық есебінен ақсүйектердің күзетшілері мен шабармандары көбейді. Осылайша тайпа көсемдерінің ықпалы күшейе түсті. Бірте-бірте адамдардың билігін өз қолынаалған олар барлық мәселені жеке-дара шеше бастады. Б.з.б. IV мыңжылдықта Египетте көптеген ұсақ мемлекеттер пайда болды. Олардың патшалары ақ тәжі бар Оңтүстік мемлекеттің билеушісі, қызыл тәжі бар Солтүстік мемлекеттің билеушісін бағындырғанға дейін соғысты. Б.з.б.3000 жыл біртұтас мемлекет құрылды. Бүкіл Мысыр билеушісі қос тәж кие бастады. Біртұтас Египет билеушісі перғауын деп аталды. Алғашқы астанасы Мемфис қаласы болды.

Пирамидалар – Ежелгі Египеттің ең құпиялы және орасан зор құрылысы. Олар Египет билеушілерінің, яғни перғауындардың мазары қызметін атқарған. Ең биік пирамида Гиза қаласында б.з.д. 2600 жылы Хеопс (Хуфу) перғауынға арнап салынған. Оның биіктігі 146,6 метрге жуық. Құрылысқа салмағы 2,5 тонна болатын үлкен тас кешендері жұмсалды. Пирамида құрылысына осындай 2 300 000 тас кешені пайдаланылды.

Хеопс пирамидасының маңайынан тыс аймақта Үлкен сфинкс мүсіні табылған. Бұл – басы адам,ал денесі арыстан кейпінде жасалған зәулім тас мүсіні. Гизадағы пирамидаларды қорғаушы бұл сфинкс біртұтас үлкен жартастан ойылған. Оның биіктігі жеті қабатты ғимаратқа тең.

Ежелгі египеттіктердің түсінігі бойынша, адам қайтыс болғаннан кейін оның жаны тәнінен арылады, бірақ ол денесіне қайта оралуы мүмкін. Сондықтан мәйітті сақтап қалу үшін денені бальзамдаған. Қайтыс болған адамның өңделген денесі мумия деп аталды.

Тутанхамон – Атақты Египет перғауындардың бірі. Оның аты «Амонның жанды бейнесі» дегенді білдіреді. Амон – Ежелгі Египеттегі аспан құдайы. Амонды кейінірек египеттіктер Амон-Ра (Күн құдайы) деп атаған. Тутанхамон елді б.з.д. XIV ғғ. басқарды.

1922 жылы Хауард Картер басқарған археологтар тобы Патшалар алқабынан бұрын ашылмаған Тутанхамонның табытханасын тапты. Табытханадан алтынмен қапталған кереует, көптеген алтын мен күміс заттар табылды. Сондай-ақ оның ішінде патша билігінің нышаны саналатын екі аяқты алтын күйме, патша тағы, алтын жалатылған әсем бетперде жатады. Бетперденің салмағы 10 килограмға жуық. Ол Тутанхамон перғауынның бет-әлпетінің қандай болғанын анықтауға мүмкіндік берді.

Тутанхамонның мумиясы таза алтыннан жасалған үшінші саркофагтың ішінде орналасқан. Жерлеу бөлмесінің қабырғалары жазуларға толы. Ғалымдардың пайымдауы бойынша, қабырғадағы мәтіндер сиқырлы дуалар болуы мүмкін.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота