Мектеп - бұл теңіздегі кеме. Біз осы теңізде қай бағытта жүзетінімізді өзіміз таңдаймыз. Теңіз - білім секілді , біз оны жыл сайын жинаймыз. Бірақ біз кемемізді басқарғымыз келмеген(немесе дұрыс басқармаған) кездерде ағыс бізді шығуы өте қиын құрдымға жібереді. Бірақ оған бәрібір емес оқушы кемені басқарып ли құрдымнан шығарады. Бірақ бәріне бәрібір оқушылар да бар, олар жағдайларына мән бермейді және кемелері толығымен батады. (Яғни оқушы екілікке оқитын болады.) Сол себепті әр оқушы өз тағдырын өзі таңдайды.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейiл де арайлы,
Осы жерден тарайды. (Дастархан)
Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар. (Таба нан)
Беттескен қос табақ,
Ортасында бас тамақ,
Қоз бен шоққа ораса,
Дәм пiседi тамаша. (Таба нан)
Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады. (Пияз)
Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты. (Тұз)
Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн. (Тұз)
Көлiкпен түздiң,
Ащы тас сүздiм. (Тұз)
Түсi аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi-ақ. (Жұмыртқа)
Есiгi жоқ,
Тесiгi жоқ,
Ақ доптың iшiнде,
Несiбi көп. (Жұмыртқа)
Қос басы жұмыр,
Жiңiшке құбыр,
Iшiне жиған,
Дәмi де шымыр. (Жiлiк майы)
Аппақ су – дәмi тәттi,
Iшсең сусын қандырады,
Шөлдегенде қатты. (Қымыз)
Терi құдық қауғасын,
Тарттым да,
Қанып iштiм дәмдi асын. (Саба)
Мал киiмi ысталған,
Дәмi дәмдi ұсталған. (Мес)
Сұйық едi аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Iшсең дәмi тәттi ақ. (Айран)
Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар. (Балмұздақ)
Мұз сынды түрi,
Тәттi дәмнiң бiрi. (Науат)
Аппақ сұйық,
Қалса ұйып,
Шөлiң қанады,
Iшсең құйып. (Сүт пен Айран)
Ең мықты дәрi,
Жұрттың бәрi.
Аусап iшер,
Бал татыр дәмi,
Ненiң нәрi. (Шұбат)
Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген? (Құрт)
Мал төлдеп,
Әр ауыл
Пiсiрдi ақ бауыр. (Уыз)
Тобатайға құртымдай,
Жаз бойы бiр тынбай.
Жинаған гүл сөлiн,
Не?
Бiлсең, айтшы өзiң? (Араның балы)
Аспан түстес сұйық,
Әркiм iшер құйып. (Су)