В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
кот912
кот912
09.02.2020 03:18 •  Қазақ тiлi

Почему момышулы считает что предложение начало повести могут написать ефрейторы ​

Показать ответ
Ответ:
nikaaleksievich
nikaaleksievich
19.04.2020 00:34
Ұстаз туралы шығарма Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отврып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.
Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.
Балалар өлең оқиды.
Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан,
Шәкіт кәңілңнде күн болып жайнап жанатын. 
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. 
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған "Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі”
атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ArtemD98
ArtemD98
22.04.2022 06:19
Әлемдегі миллиондаған адам өз демалысын саяхаттап өткізеді. Олар өзге елді,оның континетін, заманауи қалалар мен ескі қала қалдықтарын көру үшін, көркемсурет орындарын тамашалау, немесе жай жағдайды ауыстыру үшін де саяхаттайды. Әрқашан жаңа бір нәрсе ашу, өмір сүрудің басқа түрін көру, әртүрлі адамдарды кездестіру, әртүрлі тағамдарды жеу, сан түрлі музыкалық ритмдерді тыңдау, фотоларға түсіру қызық болады.
Қала сыртында тұратындарғаүлкен қалаға барып, музейлер сурет галереясына барып, дүкен аралап, экзотикалық мейрамханаларға барып уақыт өткізген ұнайды.Қалалық тұрғындар қарапайым ауылда, тауда, теңіз жағасында қыдырып, күнге күйіп демалғанды ұнатады. Көптеген саяхатшылар өздерімне бірге фотаппарт, видеокамераларын алып, өздеріне қызықты әйгілі ескерткіштерді, ескішіркеулер мен сарайларды, тау, өзен, алқаптарды, жазықтарды, сарқырмаларды, ормандарды, рлар мен құстарды түсіріп алады. Кейін, мүмкін бірнеше жыл өткен соң, фготолар мен фильмдер оларға сол уақытта өткізген бақытты сәттерін еске түсіретін болады. Адамдар поездбен, ұшақпен, кемемен, тіпті машинамен де саяхаттайды. Әр саяхаттыңөзіндік жақсылығы мен кемшілігі бар. Адамдар да өз жоспары мен мақсатына қарай саяхаттауға арналған көлік таңдайды. Егер біз саяхаттауды жақсы көрсек,үйде отырып көре алмайтын  көптеген нәрсені көреміз, білеміз, десе де бұл туралы кітаптан, газеттен оқып, теледидардан көре аламыз. Географияны жақсы білудің әдісі - бұл саяхат, адамдарды біліп, түсінудің жақсысы олармен өз үйлерінде танысу.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота