В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
1652001
1652001
25.01.2022 22:04 •  Қазақ тiлi

Подскажите кто сможет?!«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Оқу мақсаттары:

5.3.3.1 фольклорлық және шағын кӛлемді кӛркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау

5.4.2.1 Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу

5.5.1.4 -жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Оқылым

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Сәлем, досым Талғат. Саған досың Әлібек хат жазып отыр. Хәлін қалай? Бүгін біз сабақта судың пайдасы мен маңызы туралы көп сөйлестік. Қазір саған білген қызықты ақпараттарды жазғым келеді.

Тірі ағзалардың 60-70 % -ы, ал өсімдік-тердің 90 %-ы судан тұрады.

Жер бетінің 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр.

Суда көптеген заттар белгілі мөлшерде ериді. Сусыз басқа тамақ өнімдерін дайындап пайдалана алмаймыз. Яғни сусыз бірде-бір тірі ағзалар өмір сүре алмайды. Кейбір сулардың емдік қасиеті болады. Олардың құрамында әр түрлі минералды тұздар болғандықтан, ауруды емдеуге немесе алдын алуға пайдасы бар. Емдік сулардың шығып жатқан жерін арасан деп атайды. Арасан сулардың жер бетіне шығып жатқан жерлерінде Қазақстанның емдік санаторийлі кешендері орналасқан. Олар: Сарыағаш, Алмаарасан, Қапаларасан, Барлықарасан, Жаркентарасан.

Ерте замандарда суға құрмет көрсетумен бірге оған құдайдай сыйынған. Грек мифологиясында су құдайын Посейдон, Римдіктерде Нептун деп атаған. Су туралы түрлі аңыз-әңгімелер қалыптасқан. Олардың ойынша тірі су мен өлі су болады деп сенген.

Досым, Талғат, міне мен сенімен осындай ақпаратпен бөліскім келді. Мен суды үнемде, текке төкпе. Суды ластамайық! Суды таза ұстайық!

Сау бол, көріскенше. Досың Әлібек.

(156 сөз)

1. Мәтін жанры қандай?

А) хабарлама

В) әңгіме

С) хат

D) мақала

[1]

2. Мәтін жанры қандай стильге жатады?

А) көркем-әдеби стиль

В) публицистикалық

С) ауыз-екі сөйлеу стилі

D) ресми стиль

[1]

3.Мәтін тақырыбы не туралы? Неге?

[1]

4. Мәтін идеясы неде? Неліктен?

[1]

Мәтіннен жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін анықтаңыз.

[1]

Жазылым

«Сақтар мемлекетінің патшайымы Тұмардың (Томирис) ерлігі» немесе «Суды үнемдей аламыз ба?» тақырыбына жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін орынды қолданып эссе жазыңыз.

Эссе құрылымын сақтаңыз. (90 -100 сөз).

1. Кіріспе - введение (1-3 сөйлем).

2. Негізгі бөлім - основная часть (8 сөйлем).

3. Қорытынды – итоговая часть (4 сөйлем).

[10]​

Показать ответ
Ответ:
NastyaAnaNastya
NastyaAnaNastya
10.02.2020 13:49
ХХІ ғасыр а ң ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Мороз25
Мороз25
05.07.2020 21:54
Әлеуметтік желілердің зияны:

Көп уақытын шығындау. Әлеуметтік желілерде сағаттап отырамынымыз өтірік емес. Алайда бұл уақытыт пайдалы әрі тиімді өткізуімізге де болар еді. Бос әңгіме, жеңіл әзіл-қалжыңдармен уақыт өлтіргеннен гөрі, білім алу, тіл меңгеру - әлдеқайда пайдалы.Шынайы өмірден алыстау. Әлеуметтік желілерде біздің мінез-құлқымыз, өзімізді ұстауымыз шынайы өмірге қарағанда өзгерек. Нәтижесінде шынайы өмірден алшақтап, қиялыңыздағы виртуалды кейіпкеріңізге әбден беріліп кетуіңіз мүмкін. Жеке тұлғаның азуы. Егер әлеуметтік желілерге көп уақытын жұмсайтын адамдардың сөзіне, пікіріне назар салсақ, олардан мағынасыздықтың лебі еседі. Тіпті, бірқатарының сөздері көпшілікке түсініксіз. Әлеуметтік желілер - алаяқтар мен арам пиғылды адамдардың алаңы. Өкінішке орай, көпшілігіміз әлеуметтік желіге өзіміз жайлы басы артық мәлімет берудің артынан болар зардабын біле бермейміз. Көбіне онда толық аты-жөнімізді, мекен-жайымызды, телефон нөміріміз бен жұмыс орнымызды жазып жатамыз. Мысалы, бүгін әлеуметтік желіде достарыңызбен ноутбук немесе қымбат тон сатып алғаныңыз жайлы мәліметпен бөлістіңіз делік. Біраз уақыттан соң өзге қалаға не мемлекетке саяхаттап бара жатқаныңыз жайлы жаздыңыз. Дәл осы уақытта сіздің жоқтығыңызды пайдаланған аласқатр, ұлылар тоныңыз бен ноутбугыңызбен қатар, одан бөлек құнды дүниелеріңізді тонап кетуі мүмкін

Әрине, егер шегін біліп қолдансаң., әлеуметтік желінің зияны жоқ деуге болады. Әлеуметтік желіге күніне 1 сағат уақытыңызды ғана бөлгеніңіз жөн.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота