В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Kosty12541
Kosty12541
12.01.2022 00:40 •  Қазақ тiлi

Полиметалл деген не?​

Показать ответ
Ответ:
vilyamsuper
vilyamsuper
19.02.2021 19:50

Полиметалл, полиметалл кентастары (поли… және металл) — басты құраушылары Пб мен Зн, қосымшалары Цұ, Аұ, Аг, Цд, кейде Бі, Сн, Ін, Га элементтерінен тұратын кешенді кентастар. Кейбір Полиметаллда барит, флюорит, күкірт, селен, теллур, германий, таллий болады. Полиметалл құрайтын 260-тай минералдың ішінде көп тарағандары: галенит (ПбС), сфалерит (ЗнС), пирит (ФеС2), халькопирит (ЦұФеС2), арсенопирит (ФеАсС) және касситерит (СнО2). Мыс халькопиритте, күміс пен висмут галенитте, алтын жеке күйде немесе пиритте, кадмий мен индий сфалеритте шоғырланған түрде кездеседі.

Полиметаллдың өндірістік кендері бағалы құраушылар мөлшеріне қарай бай, орташа, кедей деп, ал металдарға шаққандағы қорына байланысты кіші (100 — 200 мың т), орташа (200 — 500 мың т) және ірі (млн. т-дан асатын) болып бөлінеді. Бастапқы Полиметалл кентастары гидротермалды ерітінділерден кристалданып, докембрийден кайнозойға дейінгі қышқыл құрамды жанартаутекті және карбонатты тау жыныстарында кездеседі. Полиметалл кентастарын сыйыстырушы тау жыныстарында хлориттену, серициттену, кварцтену процестері байқалады. Полиметалл кентастары 50 — 100 м тереңдікке дейін тотығады. Кентас минералдарының шоғырлануына қарай Полиметалл кентастары тұтас және сеппе; бастапқы кейпінің өзгеруіне байланысты сульфидтік, тотыққан, аралас; пайдалы құраушылардың мөлшері мен сипатына қарай қорғасынды, мырышты, мысты-қорғасынды-мырышты, қалайылы-қорғасынды-мырышты, күшәла-мырышты болып бөлінеді. Полиметалл кентастары денелерінің ұзындығы бірнеше м-ден бірнеше км-ге дейін созылып, қабат, линза тәрізді иірімдер, штоктар, желілер, түтік пішінді келеді, ал жатыс жағдайы жайпақ, тік, үйлесімді, қиып өтетін болып келеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота