В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
ekaterinibytori
ekaterinibytori
28.06.2021 20:01 •  Қазақ тiлi

Помагите help көмектесіңдер вобщем


Помагите help көмектесіңдер вобщем

Показать ответ
Ответ:
nazarstepanov2
nazarstepanov2
09.10.2020 08:50
Балқаш көлі – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Касспий, Арал теңіздерінен кейін аумағы бойынша үшінші орында. Көлдің батыс және шығыс бөліктерінің минералдарыны екі түрлі болып келеді, бөліктер жіңішке бұғазбен жалғасады. Батыс бөлігінің суы тұщы, ал шығыс бөлігі жағында ащы болады. Балқаш көлі – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Бетпақдала жерімен шектеседі. Орта ғасыр карталарында Балқаш Орта Азияның Жетісу аумағына енген. Балқаш көлінің суының екі бөлікте әр түрлі болғаны ғарыштан айқын көрінеді. Шығыс жағындағы ащы көл түсі көк болса, батыс бөлігіндегі тұщы су түсі сұр болады. Көлде ихтиофаунаға жататын сазан, Амур балығы, алабұға, қая, шабақ, шұбаржон, ақбалық, табан, ақмаржан, жайын т.с.с балықтар кездеседі. Арал теңізінде жойылып кеткен шабақ пен Арал қаязы тек осы көлде кездеседі. Ал ақбалық пен алабұға Халықаралық Қызыл Кітапқа енген. Жыл сайын Балқаш көлінде 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында, қамыс тоғайларда құстың мыңнан астамы мекен етеді. Жиырмадан астам құс түрі Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енген.
0,0(0 оценок)
Ответ:
СамаКрутость
СамаКрутость
01.04.2022 20:46
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсім реформалар даму» бойынша Қазақстан Республикасының қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы Қазақстанда болған дағдарыстармен салыстыра отырып Қазақстанның бүгінгі таңдағы халықаралық экономикалық дағдарысқа қарсы жаңа саясаттар мен реформалар жарияланды.

Бүгінде Отанымыздың жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан 2050» Стратегиясы - барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғырту жолы. Ол елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту - ортақ парыз бен абройлы міндет.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында заманауи Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси болмысын қалай көретінін тұжырымды түрде баяндап, жаңа міндеттердің көкжиегін айқындайды. Ең бастысы, мемлекеттің бірнеше ондаған жылға сатылы түрде дамуына тың серпін береді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның ХХІ ғасырдағы даму бағытын «Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай күшті мемлекет, дамыған экономика, жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктері негіз болатын берекелі қоғам құру. Күшті мемлекет жан сақтау саясатымен емес, жоспарлау, ұзақ мерзімді даму, экономикалық өрлеу саясатымен шұғылданады» деген сөздермен айқындап берді.

Қазақстан басшысының стратегиялық ойлауының ауқымы да, болашағы да, қажеттілік тұрғысындағы мүдделерді көздейтін қарекеті де осында. Ұлттық даму мақсаттарын сыртқы бағдарларға байлай отырып, ол көздеген межелерін өзге мемлекеттердің тәжірибелерімен салғастырып, әлемде салтанат құрып тұрған үрдістерге бейімдейді, барынша сәйкестендіреді. Қазақстанның тұңғыш президентіне тән прагматизм оның мемлекеттік деңгейде жоспарлы түрде жасалған әрбір қадам мемлекетті, Қазақстан халқын ұзақмерзімді мақсаттарына жақындата түсуі қажет, яғни әрбір қадам объективті цифрлармен, көрсеткіштермен және индекстермен өлшенеді деген ойынан айқын көрінеді.

Жолдауында атап көрсеткен басты қадамдар оңтайлы да, табысты жаңа салық режимдері және әкімшілік аппараттарына ұсынылған тапсырмалар қазіргі дағдарыс кезіндегі экономикалық тұрақтылықтың механизмдеріне айналуына сенімдіміз.

Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өзінің ақыл парасатымен талай қиындықтарды ұтып, ел экономикасын дамытып, қазақ елін әлемге танытты. Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Біз бәріміз бір атаның - Қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті Қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан». Біз ел басшымыздың нұрлы жолымен бірге елімізді қуатты, дамыған елге айналдырамыз.

Вроде такой)
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота