В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
whcxjsg
whcxjsg
08.01.2020 08:27 •  Қазақ тiлi

Помагите на сор погите​


Помагите на сор погите​

Показать ответ
Ответ:
евген1398
евген1398
02.04.2021 13:40

1)Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.

Ал біз күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандарды түсіне бермейміз. Қазіргі кезде өнеркәсіпте көп қажеттіліктерге суды пайдаланғаннан, өндіріс қалдықтары суды ластауда. Сондықтан күн өткен сайын ішуге жарамды таза су азайып барады. Бұл ретте біз қолымыздан келгенше суды үнемдеп, оның басты құндылық екенін естен шығармауымыз керек.

Объяснение:

2)Атам қазақ «Бірінші байлық – денсаулық» деп тегін айтпаған ғой. Бұл орайда әр адам өз денсаулығына дұрыс мән беріп, денсаулығын күту мәдениетін қалыптастыруға назар аударғаны жөн. Өйткені адам капиталының ­сапасы мен саны оның денсаулығына тікелей байланысты екені сөзсіз. Яғни дені сау ұлт қана өміршең мемлекет құра алады.

Осы ретте елімізде халық денсаулығын жақсартуға барынша көңіл бөлініп отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, республикада соңғы 20 жылда мыңға жуық денсаулық сақтау нысаны салынған. «100 мектеп және 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында ­заманауи емдеу орталықтары көптеп ашылды. Алайда соған қарамастан, түрлі ауруға шалдыққандар саны жылдан жылға өсе түсуде. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2016 жылға арналған есебі бойынша, өткен жылы республика тұрғындарының науқастану көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56823 адамды құраған. Ал онкологиялық ауруға шалдығу көрсеткіші 100 мың тұрғынға 200 адамнан келеді екен. 2016 жылы осы науқастан қайтыс болған 15763 адамның жартысы – еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар. Яғни тепсе темір үзетін жастағы азаматтарымыз. Осы ретте «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейтін халық нақылы еске түседі. Одан бөлек, ауру неғұрлым ертерек анықталса, соғұрлым құлан-таза айығып кетудің де мүмкіндігі көбірек емес пе. Әсіресе дәрігерлер тұрғындардың уақтылы тексеруден өтуге мән бермейтінін айтып қынжылады. Бұл сөздің жаны бар. Мәселен, қатерлі ісік скринингі бағдарламасы 2007 жылдан бері мемлекет тарапынан толығымен қаржыландырылып отыр. Бірақ сол скринингтен өтуге баратындар саны тым аз. Міне, ­содан болар, онкологиялық диспансерлерде тіркелгендер саны барған сайын өсе түсуде. Тіпті қазір 20, 30 жастағылар осы ауруға шалдығатыны ешкімді таңғалдырмайды. ­Арнайы скринингтен өтуге салғырт қарайтындығымыздың салдары да бар мұнда. Жыл он екі ай жүргізілетін тегін тексеруден өтуге мойын бұрмаудың қайғылы аяқталатынын дер кезінде ескере бермейміз. Айтпақшы, сол тегін тексерулерге жылына 4-5 мил­лиард қаражат бөлінеді. Ал біздің салғырттығымыздан қаншама қаржы қайтарымы болмай отыр. Дәрігерлер қатерлі аурулар бастапқы сатысында анықталса, 80%-ға дейін жазылудан үміт бар дейді. Өкінішке орай, қазіргі ақпарат алу жеделдеп, мағлұмат алудың түрлері молайған шақта қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланбаудың салдары осылай аяқталуда. Осы ретте халық денсаулығының төмендеуін елдегі әлеуметтік жағдайдың деңгейіне сілтесек те, әр адам ең алдымен өз денсаулығына өзі жауапты екенін естен шығарып жүрміз. Күнделікті өмір салты – спортпен айналысу, ­зиянды әдеттерден аулақ болу, дұрыс тамақтану, дәрігерге дер кезінде қаралу – денсаулықты сақтаудың қарапайым шарттары осылар екенін әрқайсымыз жақсы білеміз. Демек, ең бастысы, өзімізге деген көзқарасты өзгерту қажет. Сонда ғана өз ағзамызға өзіміз көмектесіп, жанымыз бен тәнімізді рухымызға бағындыра аламыз.

көмектестім деп ойлаймын❤︎

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота