В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Sindex212
Sindex212
10.10.2021 11:54 •  Қазақ тiлi

помагите Шылау сөздер 2011

1.Себеп салдар жалғаулықты табыңыз

А) менен

В) әйтпесе

С) өйткені

Д) түгіл

Е) тұрсын

2.Нақыл сөздегі жалғаулықты көрсетіңіз

«Өнер- білім бәрі де оқуменен табылған»

А) өнер- білім

В) бәрі

С) де

Д) оқуменен

Е) табылған

3. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыз

А) 22 наурыз күні біз демаламыз

В) Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.

С) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады

Д) Табиғат адамға бәрін береді

Е) Табиғатты аялайық.

4. Жалғаулық шылауды табыңыз

А) тірі ме?

Б) өмір-ай

С) жақсылық туралы

Д) қыз және ұл

Е) тау

5. Қарсылықты жалғаулық шылауды табыңыз

А) Олар не бүгін келеді, не ертең келеді.

В) Ол кеше көп ойнаған, сондықтан бүгін демалды

С) Олар біресе ойнайды, біресе отырады

Д) Бүгін ерте шықтық, бірақ сабақтан сонда да қалып қойдық.

Е)Біз кешке сабақ оқимыз және теледидар көреміз.

6. «Бірақ, дегенмен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) ыңғайлас салалас сөйлем

В) түсіндірмелі салалас

С) қарсылықты салалас

Д) қазақтес салалас

Е) себеп- салдар салалас

7. «Үшін, арқылы, туралы» шылаулары қай шылау тобына жататынын анықтаңыз.

А) қарсылықты

В) демеулік

С) септеулік

Д) шартты

Е) жалғаулық

8.Барыс септігінен кейін келген шылауды табыңыз. Қоңырауға дейін бақылау туралы ойладым.

А) дейін

В) қоңырауға

С) ойладым

Д) туралы

Е) бақылау

9.Дұрыс қолданған шылауды табыңыз

А) жұмыстан соң

Б) тойға кейін

С) менен қатар

Д) жұмыстан қатар

Е) мектепке соң

10.Септеулік шылауды табыңыз

А)» Жиренше , үйіңде ұлың бар ма?»-деді ол.

В) Үйден төрт жасар бала жүгіріп шықты

С) біресе мәтін оқимын, біресе жазу жазамын.

Д) «Үлкені де- осы, кішісі де –осы», -деді ол

Е) Іле өзені Қапшағайдан кейін Балқашқа құяды.

11. «Дейін, шейін, кейін» шылауларының түрін ажыратыңыз.

А) демеулік шылаулар

В) қыстырма сөздер

С) септеулік шылаулар

Д) одағай сөздер

Е) жалғаулық шылаулар

12.Күшейткіш демеулікті анықтаңыз

А) –ақ, -ау, -ай, -шы

В) бірақ, сондықтан

С) түгіл, тұрсын

Д) -мыс, -міс

Е) ма, ме, ба, бе, па, пе, ше

13.Талғаулықты жалғаулықты анықтаңыз

А) бірақ, сондықтан

В) мен, пен, бен, және

С) әлде, немесе

Д) қатар, бірге

Е) кейін, басқа

14. «Кейін» шылауы қай септіктегі сөзден соң жазылатынын анықтаңыз

А) барыс

В) табыс

С) жатыс

Д) көмектес

Е) шығыс

15.Демеулік шылауды табыңыз

А) шейін

В) әйтпесе

С) сонда

Д) үшін

Е) ма, ме

16. Шылау сөздерге жататын қатарды белгілеңіз

А) баяндауыш

В) жалғаулықтар

С) еліктеу сөздер

Д) бастауыш

Е) оқшау сөздер

17.Септеулік шылауларын көрсетіңіз

А) түгіл, тұрсын

В) ма, ме

С) немесе, әлде

Д) менен, бенен

Е) дейін, шейін

18. Сәйкес келетін жалғаулықты анықтаңыз

А) бірақ

В) бірге

С) немесе

Д) және

Е) емес

19. Шығыс септікпен бірге қолданатын септеуліктерді анықтаңыз

А) үшін, арқылы, туралы

В) кейін, басқа

С) астам, жуық

Д) қатар, бірге

Е) дейін, шейін

20.Кезектес жалғаулық шылауын табыңыз

А) арқылы

В) түгіл

С) туралы

Д) және

Е) бірде

21.Септеулік шылауды табыңыз

А) мен

В) және

С) өйткені

Д) егер

Е) үшін

22.Көмектес септігімен тіркесетін септеулікті табыңыз

А) қатар, бірге

В) кейін, басқа

С) бірде, болмаса

Д) кейін, шейін

Е) үшін, арқылы

23. Септеулік шылауды көрсетіңіз

А) түгел

В) туралы

С) емес

Д) бірақ

Е) және

24.Жалғаулық шылауды көрсетіңіз

А) Тірі ме?

В) Өмір-ай

С) Таудан соң

Д) Қыз және ұл

Е) Жақсылық туралы

25. Септеулік шылауды көрсетіңіз

А) түгел, тұрсын

В) немесе, әлде

С) менен, бенен

Д) ма, ме

Е) дейін, шейін​

Показать ответ
Ответ:
berezniki14
berezniki14
03.11.2022 17:32

томирис патшайым жайлы толық мағлұмат тауып берсеңіздер? ол жайлы көп дерек жоқ дейді ғой.

массагет тайпаларының ханшайымы (б. з. б. 531–528) томирис ержүрек, батыр болып тәрбиеленеді. геродоттың естелігінше парсы патшасы кир томириспен соғыста қаза болған. кир патша томирис патшайымды өзіне әйел етіп алмақшы өрініп, елшілер жіберді. томирис кирдің өзіне емес елі мен жеріне құда түскелі отырғаның түсініп, оның ұсынысын қ. қулығы іске аспаған кир 530 ж. массагеттерге ашық соғыс жариялайды. кир массагеттер жеріне жарамсыз әскерін уланған тағамдармен қалдырып кетеді. массагеттер кир тастап кеткен әскерге шабуыл жасап, олардан қалған тағамдарынан уланады. соғыста томиристің спаргапес тұтқынға түседі. томирис босатуын сұрайды. бірақ, спаргаписес ұяттан өзін-өзі өлтіреді. томирис айтқанын тыңған кирге қарсы шабуылға шығады. шайқаста массагеттер жеңіп кирдің өзі өлтіріледі де, әскерінің көпшілігі қаза табады. томирис торсықты қанға толтырып, оған кирдің басын салуға бұйрық береді: «сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансың! » дейді. томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды ққақ жарған әділдігімен, данышпандығымен, көрегендігімен халқын талай таң қалдырды. олар өз басшысы туралы жыр толғап, оның атын жырға айналдырған. бұл аңыз жырлар томирис патшаның есімі ізін басқан жауынгер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлы дала аспаны астында ғасырлар бойы мәңгі жасады.

амазонка қыз болып тарихта есімі қалды. («амазонка» — салт етқа мініп, қару-жарақ асынып жүретін әйелдер.

0,0(0 оценок)
Ответ:
youtubeadamchuk
youtubeadamchuk
13.02.2022 22:36
А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ал, білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап-а ң сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. « Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік- деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап  таңдап талғап оқи  білу, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу-әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы  шарттардың бірі. « Кітап маған тақтан да қымбат»,- деп атап көрсеткен Шекспир.

    « Кітап-ең құдіретті әлем», « Кітап-күн шуағы білімнің»,  « Әліппенің ар жағы-білім бағы» дейді ғой халықта. Сол білім бағына жетелейтін дүние-кітап.»  Иә, мен бұл сөздердің қаншалықты құнды, теңіз суындай терең мәнді етіп айтылғанын жүрегіммен сезінемін. Қазір ойлап отырсаңыз, адамзат ғана емес, күллі тіршілік атаулы жаралғалы бері құбылыстың бәрі кітаптың ішінде сайрап жатыр емес пе? Әр кітап өзінше бір керемет дүние.

     Менің жаным да сол дүниелерді танып, білуге ертеден құштар. Осы уаққа шейін мен бірнеше кітап бастарын қайырдым. Сол кітаптардың арасынан " сүйікті кітабым"  атауына ие болған -Мархабат Байғұт ағамыздың " Ауыл әңгімелері" атты шығармасы. Бұл кітаптың жүрегіме жақын тиуінің бірнеше себептері де жоқ емес.

   Бірінші себебі: Мархабат ағамыздың тікелей өзіне байланысты. Мархабат аға-Оңтүстіктің тумасы. Ол кісі шығармаларын оқыған сәтімде, туған мекенімнің төрінде еркін самғанымды сезінемін, өзіміздің Оңтүстік жұртына тән менталитентті, сыпайылық пенен жылы сөзділік айқын байқалады. Екіншіден: ауыл-қашанда аяулы мекен... Бәрімізде ауылдан өсіп-өндік емес пе? Үшіншіден: шығарма мазмұны, шығарма барысындағы оқиғалар қызықтылығы және де сөйлем арасындағы керемет байланыстар. Бұл кітап мен үшін " Қазына толы қамбадан" қымбат, өйткені қазынаның қамба қоры, кітап қоры деп санаймын, осы кітапты оқыған сайын, таусылмайтын баға жетпес асыл дүниеге қарқ боласың .  Енді, кітап жайлы біренеше мәліметке қанық болғайсыздар.

    Жазушы Мархабат Байғұттың бұл кітабына ауыл  туралы әңгімелер енген. Ауылға іңкәр қаламгердің аталмыш тақырыпқа жиірек жазатыны, уызды да уытты тілі, әдемі әзілі мен астарлы әжуасы оқырман қауымға белгілі. Ауыл адамдарының сезімталдығы  мен сағынышын, мұңы мен махаббатын, талайы мен тағдырын табиғи бейнелейтін прозашы жаңа әңгімелерінде қазіргі заман талабына, бүгінгі уақыттың әуеніне сәйкес психологиялық  тың ізденістер таныта түскен. Кітап мазмұнының құрамында : "Жалбыздың жағасында", " Көрпесайдың кітапханасы", " Айып", "Варвараның көмбесі", " Алпыс үшінші жылғы махаббат" т.б. өте шығармалар молынан жинақталған.

 Мен осы кітапты ең алғаш  қолға алған кезімде, ол өзіне мені қатты баурап алар деп ойламаппын. Жазушы ағамның жазушылық шеберлігіне тәнті болдым және қатты таңырқадым. Сонымен қатар, кітапты оқып бастағаннан-ақ бойымды мақтаныш сезімі керней жөнелді. Неге мақтанбасқа? Оңтүстік жұртында алты алашқа ауыз толтырып жыр қып айтар жаңа шығарма дүние есігін ашқанда?! Неге мақтанбасқа? Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын жалғар қазақта ұл болғанда?!

  "Кітапқа деген сүйіспеншілік тудыру әрбір кітапханашының борышы мен міндеті. Жастарымыз  дәстүрлерімізді көзіміздің қарашығындай  бағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретін болуы тиіс", деп Назарбаев жастардың бойында ғы мәдени танымдылықты қалыптастыруда рухани құндылықтардың  қайнар көзі кітап-оқу арқылы берілетінін  айта отырып, білім мен ғылымның көкжиегінде биік асулардан көргісі келетіндігін атап өтті.

  ххі ғасыр- мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі-кітап десек қателеспейміз.

     Бүгінгі тақырыпқа арналған өз ойымды қорытындылай келе, өскелең ұрпаққа кітаптан асқан байлық, кітаптап асқан асыл қазына жоқ демекпін. Сондықтан да, дәл қазіргі ауыттан бастап кітап оқуға өздеріңізді бейімдеңіздер. Өздеріңіздің ішінен мол мұраға қанық болар, өмір жолында мәңгі азық болар "сүйікті" кітаптарыңыз болсын демекпін.

                            Кітапта алма ағашы,

                            Жемісін бізге беретін.

                            Тәтті алмаға балашы,

                            Кітабыңның әр бетін.   - деп,

  осы өлең шумақтарымен әңгімемді аяқтағым келеді.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота