В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География

Предложения про астану с тұр, жүр, отыр,жатыр ,сор.
не меньше 4 слов.

Показать ответ
Ответ:
kononovadm
kononovadm
11.06.2020 17:10

Ана — әлемдегі ең ардақты да, аяулы жан. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестесінен барын да, нарын да аямайтын ананың адам өміріндегі орны ерекше. Гүлдің жайқалып өсуі үшін су мен ауа қаншалықты қажет болса, баланың дұрыс жетілуі үшін де ата-ананың қажеттігі басым.

Бізге жарық дүние сыйлаған анаға не сыйласа да аздық етеді. Меккеге жеті рет арқалап апарғанның өзінде қарызын өтей алмассың. Себебі ана сияқты бақытыңды ойлап, табаныңа кірген тікенді маңдайына кіргенін қалайтын адам жоқ. Шын бақытыңды ойлап, жанын құрбан етуге даяр жалғыз адам ол — ана. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалайықшы. Себебі адам өмірде «адам» болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек емес?!

Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек. Ғалымдар аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.

Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса, анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.

0,0(0 оценок)
Ответ:
D10A
D10A
11.06.2020 17:10

Ана. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан – жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат ананы мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Түн ұйқысын төрт бөліп, мұзды бесік таянған – ана, баласын көзінің қарашығындай қорғап, аялап, аяғынан тік тұрғызады. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі - Ана тілі деп аталады. Ана сөзімен байланысты Жер - Ана, Ана тілі деген сияқты тіркестер бар. Осы тіркестердің мағынасы мен байланысын іздестіре отырып, Мен, Мұхтар Шахановтың « Құдіретті төрт Ана» өлеңіндегі төрт ана туралы не білемін? Адамға қаншалықты қажет дүние деген ойға келдім.

Шынында да әр адамның өзінің тағдыры бар. Өз анасынан басқа да құдіретті төрт Ана деп туған жерін, ана тілін, дәстүр мен салт - санасын, тарихын атап отыр. Кіндік қанымыз тамған туған жерімізді Айбын, ана тілімізді сатылмайтын Байлық, салт - дәстүрімізді Тірек деп айтуының өзі әр адамға терең ой тастайды. Олай болса, баласын мәпелеген Анадай неге а осы құдіретті төрт ананы қастерлемейді.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Рухани байлық табиғатқа деген сыйластықпен қалыптаспай ма. Қазақ халқының атадан балаға қалдырған мұрасы туған жерді үлкен жауапкершілікпен қорғау адамзат парызы деп білемін. Өйткені көшпелі өмір ата – бабамызды табиғатпен етене байланыстырған.

Ал, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттың болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін - ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің қасиетті мұрамыз, ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай халық. Өкінішке орай қазіргі таңда салт - дәстүріміз ұмытылып бара жатыр. Ел боламын десең бесігіңді түзе демекші, ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілік салт – дәстүрді түзетуден басталады. Салт - дәстүрді біле отырып тарихты танимыз, ал тарихты білу Отанды тану.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота