В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
kriss6745
kriss6745
07.06.2022 12:50 •  Қазақ тiлi

Р. Муканованын «Мангилик бала бейне» ангимеси бойынша «Автор улт трагедиясын калай суреттеген?» такырыбында адеби эссе жазыныз. Шыгарманын коркемдік-идеялық кундылыгын гуманистік тургыдан талданыз.

Показать ответ
Ответ:
Полиса2020
Полиса2020
26.01.2022 11:41

Мен – тәуелсіз елдің ұланымын

Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын. Н.Ә. Назарбаев

1991 жыл - еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.

Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп ал­у, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің же­ріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бер­мей­ді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 20 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.

Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

0,0(0 оценок)
Ответ:
sonya408
sonya408
06.11.2020 00:00
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар та компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін.">
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота