РЕБЯТ СОС Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз (Сделайте морфологический разбор предложений)
1.Жарақат әртүрлі болады , денеге бөгде заттың кіріп кетуі немесе кесіп кетуі, құлап бір жеріңді сындырып алу.
2.Ауыр жарақат алған адамды аурухананың хирургиялық бөлімінде немесе арнайы травматологиялық бөлімінде емдейді.
3. Өз бетінше сынықты түзетуге болмайды.
үні,Абай тынысы
Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы-заман тынысы ,халық үні.Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып ,жаңғырып,жаңа өріс алып тұр.
М.Әуезов
Бүкіл Алаш жұрты,еңбектеген баладан,еңкейген қартқа дейін ұлы Абайды жақсы білсе,ал Абай арқылы қазақ елін төрткүл дүние танитыны хақ.Көзі тірісінде өзінің көрген қайғы-қасіретіне қарамастан ,жұртының сол кездегі хал-жағдайын көріп ,ақ параққа жанынан ақтарыла ойын жазып,халқының шел басқан жанарын тазартуды көздеді.Бүгінде уақыт пен тарих әр нәрсені өз орнына қойды.Халқының қамын жеп ,халқының қамы үшін көп нәрсені құрбан етіп,аяулы армандарынан бас тарта еңбек еткендер тарихта мәңгі қасқайып қалды.Соның бірі,осы күні бүкіл халық оның алдында бас иетін –ұлы Абай.
Байтақ елдің жүрегінде елеулі орын алатын қазақтың бас ақыны Абайға деген құрметпен,Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стомотология факультетінің ұйымдастыруымен сәуір айының 22 жұлдызында “Өлмейтұғын артына із қалдырған” атты факультет аралық сайыс өткізілді.Сайыс үш бөлімнен тұрды. “Өлең сөздің патшасы-cөз сарасы ” алғашқы бөлімінде студенттер қалауы бойынша Абайдың өлеңін көркемдеп жатқа оқыса, ал “ Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” айдарында Абайға өз шығармашылықтарын арнады. “Өлмейтұғын артына із қалдырған” үшінші бөлімінде Абайдың қара сөзін жатқа айтудан жарысқа түсті.Соңғы “Бәйге”атты бөлімде,Абайдың өмір жолына ,шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы студенттердің білімі бағаланды.Сайыста студенттердің көркемдеп оқу шеберлігі,білімі мен шығармашылық қабілеттері сыналды.Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша ,Фармацевтика факультетінен қатысқан 1курс студенті Меруерт Манатова “Үздік Абайтанушы”номинациясын жеңіп алды.
Сайыстың барынша жоғары деңгейде және тартысты өткені жөнінде әділқазылар тарапынан пікір айтылды.Бұл сайысқа келген көрермендер де,қатысушылар да Абай шығармашылығынан сусындап қана қоймай, рухани мол қазына,жүректі елжіретерлік үлкен әсермен қайтты.Себебі,бүгінде оның өлеңдері өскелең ұрпақтың бойына рухани,адамдық, ізгілік,парасаттылық,сауаттылық,еңбексүйгіш қасиеттерін қалыптастырады.Осындай тәрбиелік маңызы зор кешті ұйымдастырған Стомотология факультетіне алғыс білдіреміз.
Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы атажайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.
Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.
Ссылка на этом сайте посмотри https://surak.szh.kz/390288/%D1%88%D0%BE%D2%9B%D0%B0%D0%BD-%D1%83%D3%99%D0%BB%D0%B8%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D1%82%D1%8B%D2%A3-%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D2%B1%D1%8F%D1%81%D1%8B-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D0%BC%D3%99%D0%BB%D1%96%D0%BC%D0%B5%D1%82-%D1%82%D0%B0%D1%83%D1%8B%D0%BF-%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B5