В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
MiraQeen
MiraQeen
04.07.2021 18:32 •  Қазақ тiлi

Әркімнің туған өлкесі -өзінің құт мекені. Біз үшін туған жер-Ақжайық өлкесі. Себебі бұл жерде біздің ата-анамыз, ағайын-туысымыз, ең жақын адамдарымыз өмір сүреді. Ақжайық өлкесі-талай намысты ерлерді, атақты тұлғаларды, таланттарды тудырған қасиетті өлке. Бұл өлке Исатай батыр мен Махамбет ақынды, күйші Құрманғазы мен Динаны, батыр апамыз Мәншүкті, ақын -жазушыларымыз Тайыр Жароков пен Жұбан Молдағалиевті, Қадыр Мырза Әліні, Ақұштап Бақтыгерееваны, әнші Роза Жаманова мен актриса Хадиша Бөкееваны, атақты суретші Сәкен Ғұмарды тағы да басқа осындай талантты адамдарды сыйлаған құнарлы өлке.

1-тапсырма. Мәтін бойынша 3 сұрақ жаз.

1.

2.

3.

3-тапсырма Өлеңді оқы. Сұраққа жауап жаз. ( письменно ответьте на вопросы по содержанию стихотворения) 110-бет

Ақұштап Бақтыгереева — қазақтың , жайықтың ақ шағаласы атанған ақын қызы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының иегері.

"Ақжайық арнаға түс арындама"

Ақ жайық, арнаға түс арындама

Ару Жайық, ерке өзен, сабырлағын,

Бұл көктемде сен неге арындадың?

Құм мен тастан өрілген жарқабаққа

Ғажап болды-ау осынша бағынбауың.

Жайсаң қызға ел сені тең деп еді,

Мінезіңді адуын көрмеп еді.

Әлде сенің жанынды қинады ма,

Жарты ғасыр Нарынның шөлдегені.

Табиғатқа, тағдырға бағындың да,

Қыста ұйықтадың мүз көрпе жамылдың да.

Ақ айдынға аққулар еркелейтін,

Бір дәуренді өзің де сағындың ба?

Өлең бойынша сұрақтарға жауап жаз

А.Бақтыгереевнаның өлеңі не туралы?
Жайық қандай мінез көрсетті?
Ол нені сағынды?

Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп жазыңдар (напишите значение слов)

сабырлағын -

арындадың -

жарқабақ -​

Показать ответ
Ответ:
prunsesca005
prunsesca005
01.07.2020 20:18

Көмекші есім сөздер: түбі, шеті, жаны, маңы, төңірегі сөздері затқа жақын қашықтықты білдірсе, алды, арты, беті, бойы – заттың тараптарына қатысын; арасы, ортасы – заттың ара қатынасындағы кеңістікті, орынды, ал іші – заттың өз шеңберіндегі мекенді, басы – заттың басталар шегін, жағы – бағыттық мағына береді.

Ыдыстың түбіне қоқыс жиналып қалыпты.

Осы көшенің бойы толған дүкен.

Үй мен мектеп арасы жап-жақын ғой.

Ол кітаптың ішіне қандай шығармалар енген?

Істің басы әрдайым қиын болады.

Ертең үй жаққа соғып қайтамын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
elyaminaewap06uze
elyaminaewap06uze
10.08.2020 10:36

Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған. Олар пайдалану, қолдану ерекшеліктеріне байланысты күнделікті және сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болып бөлінеді. Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз боз бала дәуірінің киімдері, орта жас, сар кідір кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай – жұмыс киімдері, бір киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер, сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те бөлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз-жазғытұрымғы (демисезондық) киім деп ажыратылады. Адамның дене мүшелеріне сәйкес бас киім, ұлы дене киім, аяқ киім деп жіктеледі.

Сондай-ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал-серiлердiң, қожа-молдалардың, байлар мен билердiң, бақсы-балгерлердiң, кедей шаруалардың, аңшы-саятшылардың т.б. киiмдерi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию дәстүрiнен де байқауға болады.

Киім тақырыбына қалам тартқан этнограф С.Қасиманов қазақтың киімін сипатына қарай iштiк, сырттық, сулық, бiр киер, сәндiк және кейбiрiнде салтанат ғұрып киiмi деп бөледі. Бiр киер киiм деп қымбат маталардан әшекейлеп тiгiлген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, өзге елге сапарға шыққанда киетiн сәндi киiмдердi атаған. Қазақ салтында ер жiгiт егеске түсерде, соғысқа барарда киiмдердiң ең жақсы көрнектiсiн киген. Iштiк киiмдерi – көйлек, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киiмдерге – шапан, күпi, кеудеше, тон, шидем, сулық киiмдерге— шекпен, қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады.

Қазақтың ұлттық киiм үлгiлерiнiң көшпелi тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейiмделе дамуына көршi халықтармен арадағы мәдени-экономикалық байланыс, шаруашылық-мәдени тип, тiршiлiк қамы мәдениетi әсер еткендiгi сөзсiз.

Жас қыздар бүрмелі етекті көйлек, бешпет, камзол, қынама бел киімдер киеді. Бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген. Бойжеткен қыздар кәмшат бөрік киеді, сәндеп өрнектеген ақ шыт тартады.

Тұрмысқа шыққан қыздар алғашқы жылы сәукеле, күнделікті өмірде желек киеді де, балалы болған соң сәукелесін тастап, шылауыш орамал жамылады. Жас келін деп үлкен кісілерді көрген кезде бетін желегімен көлегейлеп жүреді, бұл иба көрсеткені. Әлеуметтік мәртебесі бекіп, бірнеше балалы болған соң кимешек шылауыш киеді. Кимешекті қызыл жіппен шым кестелеп кисе күйеуі барлығын, ал ақ жіппен жай ғана су тартып кисе жесір әйел екендігін көрсетеді. Шылауышты кимешектің үстінен тартады. Әйелдер тері бұлғары мәсі-кебіс, қыста қозы елтірісінен ішік киеді. Елтірі ішік ақ, қара, күрең болады.

Әйел киiмдерiнiң қазақ елiнiң бәрiне мәлiм ортақ түрлерi: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебiс-мәсi, көкiрекше сияқты заттар. Әшекей, ажар жағынан қыз бен келiншек киiмдерi, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбiшелердiң киiмдерi деп төрт топқа арналып тiгiледi.

 

ӘЙЕЛДЕРДІҢ БАС КИІМДЕРІ

Әйелдердің бас киімдері:

сәукеле бөрiк қарқара кимешек жаулық күндiк желек шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар) бүркенiш бергек қасаба тақия шылауыш жаулық
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота