В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
kristy43rus
kristy43rus
29.04.2023 14:47 •  Қазақ тiлi

РКЕНИЕТТІҢ АДАСУЫ АТТЫ РОМАННАН ҮЗІНДІЛЕР

КОМПЬЮТЕРБАСТЫ ЖАРТЫ АДАМДАР

(Рухсыз күш формуласы)

Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты

Қонақтары сұрапты:

- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?

- Бір жарым! — деп тіл қатыпты әлгі адам. –

Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді,

Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.

Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,

Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын

Өз ұлтының сан ғасырлық рухына жалғады,

Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.

Екі ұлымның тағдырында бұл өзгеріс болмады,

Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.

Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқын да,

Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға.

Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан

Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі — жарты адам!

Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы?

Ұлан - байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады.

Қайда барсаң көз алдында өнеге боп жарқылдар

Жарты ұстаздар, жарты бастық, жарты қыздар, жарты ұлдар.

Біз қанша мың жас өскінді аттандырдық шет елге:

Білім алып келсін дедік,

Жер, ел танып көрсін дедік.

Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме?

Зұлымдық та білім - қызға ғашық болып сүйісті,

Кім тежемек, кім қайырмақ бүл пенделік күйісті?

Жалғыз жол бар: білім әркез рухани байлыққа

Терең тамыр жіберуге тиісті.

Қайтсек екен, монитор көз, компьютер бас жас талап,

Білім + Рух болуы үшін ажырамас қос қанат?

Қай кезде де білім — күшің әрі нұрлы жетегің.

Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін

Кім ойлапты, құдайым - ау, егер ұры қаншама,

Зор білімін қулығына қару етсе жан сала,

Бейқам елге оның "сыйлар" азабы да соншама.

Сан жас қанат ғаламзатқа болмақ үшін өтімді,

Түнгі оттарды іздеп ұшар көбелектер секілді,

Қасиетті ата қоныс, өзен - тауын жерсінбей,

Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей,

Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы,

Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды.

Әлде бұл да жолы шиыр ұлтымыздың соры ма,

Қалай түстік біз батыстық қиратқыш күш торына?

Қуанып ек, қосылдық деп кәусәр бұлақ қорына.

Адасқандай тылсым нудан,

Біз олардың кір су құйған

Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық,

Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық.,

Ұлы Ғабит Мүсірепов — қара сөздің кемелі,

Бүткіл қазақ рухының айдары мен беделі,

Тіршілікпен қоштасатын ең соңғы сәт соққанда,

Өлімін де айналдырып зор мазмұнды мақтанға,

Жазбай қайсар сенімінен,

Діріл қаққан ерінінен,

Қанатты ойын келер күнге аққу етіп оздырған,

Елге арнаған ақтық сөзін маған айтып жаздырған:

"Шын өнерді басынса да жеңе алмайды асқазан,

Шырқау рух аспанында басқа мүдде, басқа заң.

ҒАСЫРДЫ ACAP ӘДЕБИЕТІ, ӨНЕРІ ҰЛЫ БОЛМАСА,

ҰЛТ ДАРАЛЫҚ ТАБА АЛМАЙДЫ

ЖӘНЕ ҰЛЫ БОП САНАЛМАЙДЫ ЕШҚАШАН.

Әp жүз қойдан кезінде біз үш жүз қозы алғанбыз,

Ғарышқа да құлаш ұрып, Айға түрен салғанбыз.

Бас, қазір күллі әлемде байлыққа ауды есіл дерт,

Байлығы озса, мысықтар да жолбарысша көсілмек.

Бес жүз қабат үй салу да емес бүгін боз елес,

Ақшаң болса "маймылды" да бастық сайлау сөз емес.

Адамзаттың бар тағдырын енді ақша шеше ме?

Қарындарды — тек өз қамын ойлаған,

Ғалымдарды — қан төгуге тоймаған

Ұрпақтары үлгі тұтып, орнатуда кесене.

Әділдікке деген сенім бірте-бірте өше ме?

Жол бар ма екен аман өтер пенде - мүдде орманнан,

Адамдықтың салтын қайттік, даңқын қайттік қорланған?

Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық?

Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт.

Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді, білдік пе?

"Әрбір қимыл — қарсы қимыл тудырады" тірлікте.

Егер қарын байлығынан рухымыз пәс тұрса,

Ұқсас, тектес жебір ойлар бір бағытта асқынса,

Қоғам қалай ұстамақшы әділ ойдың шылбырын,

Жан байлығы саяз күштер жек көреді бір-бірін.

Олар қазір заманды алдап, заңдастырып әр ісін

Қорғамаққа құлшынады аңқау елдің намысын...

Оян, Данте, Фирдоусидің және Абайдың айбыны!

Бөгей алмау ғасырға сын бұл тасқынгөй қайғыны.

Қол қусырып көнеміз бе,

Үнсіз жата береміз бе,

Робот - түйсік арқаланған,

Мейрімі тұл жарты адамдар

Жердің бетін түгел жаулап жеңгенше?..

Дөңбекшиді көңіл - ғалам,

Бүгін өлу жеңіл маған,

Осы рухсыз жеңістердің ертеңіне сенгенше...

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1. Поэма кімдер туралы?

2. Ақын поэмада қандай мәселелерді көтерген?

3. Тұңғыш өлеңдер жинағы?

4. Ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша диалог құрастыру.

Показать ответ
Ответ:
dhdndbrb
dhdndbrb
09.05.2020 15:47

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы кыр күйек айының 5 - і күні қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы Сарытүбек аум . лында дүниеге келген . Қазақ халқының ағартушы акыны , әдебиет зерттеушісі , түркітанушы , уб . лицист , педагог , аударманы және қоғам қайраткері . ХХ ғасырдың басындагы Алаш коаr . лысы жетекшілерінің бірі , мемлекет қай раткері , ұлттық жазудың реформаторы . А. Байтұрсынұлы артына көп мұра қал дырды . Солардың бірі - көркем аударма саласы . Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып , бүл саланы байытуға мол үлес қосты . И.А. Крылов мысалдарының бір тобын жеке жинақ етіп бастырды . И.И. Хем ницердің « Ат пен есек » , А.С. Пушкиннің « Балықшы мен ба лық » , « Алтын өтеш » , « Ат » , « Данышпан Аликтің ажалы » шы ғармаларын , лирик ақын С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды .

Объяснение:

Міне Ахмет Байтұрсынқлы туралы

Перевод:

Ахмет Байтурсынов родился 5 сентября 1873 года в Сарытубекском районе Жангельдинского района нынешней Костанайской области. родился в Поэт-просветитель казахского народа, литературовед, тюрколог, уб. лирик, педагог, переводчик и общественный деятель. Алашкоар в начале ХХ века. Один из руководителей страны, государственный деятель, реформатор национальной письменности. А. Байтурсынов оставил много наследства. Одна из них - это художественный перевод. Он перевел произведения русских классиков на казахский язык и внес значительный вклад в обогащение отрасли. И.А. Крылов издал группу примеров отдельным сборником. II Хема Ницше "Лошадь и осел" А.С. Сочинения Пушкина «Рыбак и рыба», «Золотой ход», «Конь», «Смерть мудрого Алика», поэт-лирик С.Я. Он перевел стихотворение Надсона на казахский язык.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Katya1143
Katya1143
16.04.2023 08:27

Заман қамын ойлаған саналықтың белгісі. Бұл тарихи кезең. Көгінде қыран қалықтап, жерінде түйесі боздап, жылқысы құлындаған байтақ қазақ жері небір қан майдандады өткерді. Дұрысын білмейтін надандардың басшы бола бастағанын, ақша деген дүниенің шыққанын байлардың ұрлық жасап, билердің парақор болғанын, бір бірлерін көре алмай, орыстарға жем болатынымызды, барлығының ойлағаны мал және бұрынғы заман қайта келмейтінін айтып күйінеді. Өзгеріспен жаңашылдық болып жатқанын көреміз. Ш. Қанайұлы ойын жалғастыра көптеген ақындарда сол өлеңдеріне арқау етті.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота