В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Senn7
Senn7
13.11.2020 20:03 •  Қазақ тiлi

Құрметті, қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қаламызда өтетін дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесіне шақырамыз! Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 150-ден астам қолөнер шеберлері қатысып, өз өнерлерін көрсетеді. «Алтын алма» көрмесінде жарқын да ерекше заттарды тамашалап көрумен қатар, қолөнердің қай түріне икеміңіз бар екенін байқап, өзіңіз үшін жаңа хобби таба аласыз. Байқаудың өтетін мерзімі мен орны: 2020 жылдың 30 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы және «Алтын алма» атты Орта Азиялық дәстүрлі қолөнер көрмесі.

Тапсырма:
Мәтіндегі негізгі ой қандай? Негізгі ақпараттарды қамтып отырып, түйінді ойды 3 сөйлеммен ғана жазыңыз.​

Показать ответ
Ответ:
laxier
laxier
27.02.2023 06:05
Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) -Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011,2014) және Қазақстан чемпионы [1]. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.

Отбасы

Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласындадүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Әкесі - Анасы - Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.

Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын
0,0(0 оценок)
Ответ:
Wogk
Wogk
28.02.2020 14:41

Шығарма.

Интернет - өмір талабы.

Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.

Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:

- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.

- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.

- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.

- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.

Дегенмен ғаламтордың пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.

Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.

Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.

Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.

Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.

Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.

Дегенмен де, менің ойымша ғаламтордың зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота