В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
dimaonisko
dimaonisko
01.05.2022 01:49 •  Қазақ тiлi

Роботтардың пайдасы мен зияны
ХХІ ғасыр – ақпараттандыру технологиясы, жасанды интеллектінің дамыған заманы. Күнделікті өмірімізге роботтың да қарқындап еніп, түрлі салаларда өз міндеттерін атқарып жатқаны да соның бір дәлелі болса керек. Қазір роботтар ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да салаларда қолданылады. Әрине, роботтың адамға тигізетін пайдасы зор. Адам өзінің физикалық және ой еңбегін жеңілдету мақсатында роботтарды ойлап тапқан. Оны үнемі жетілдіріп, дамытып отырады. Адам ағзасы ыстық пен суыққа төзімсіз. Сондықтан да адамның жүруіне қауіпті жерлерде, жер асты, ай бетіндегі зерттеу жұмыстарында, адамның денсаулығына зиян келетін өндіріс орындарында, дәлдікті қажет ететін медицина, есептеу салаларында роботтың атқаратын қызметі, адамға әкелетін пайдасы ұшан-теңіз. Қазірдің өзінде роботтар қонақүй жұмысшыларын алмастыра алады, жол қозғалысын реттей алады, көлік жүргізіп, басқа да заттарды істей алады. Сонымен қатар роботтың адамзатқа тигізетін зияны да жоқ емес. Британ ғалымдары роботтар адамдардың жұмыс орнын қаншалықты баса алатынын есептеді. АҚШ-тың өзінде алғашқы онжылдықта мамандықтардың 47%-ы толықтай автоматтандырылып, адамзат болашақта жұмыссыз қалуы әбден мүмкін. Бұл көрсеткіш Германияда 35%, Ұлыбританияда 30%, Жапонияда 21% болмақ. Қаржы саласындағы жұмыс орындарының 61%-ын роботтар алмастырады. Ал білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету саласында жасанды интеллектінің үлесі аз болады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, еңбек нарығындағы бұл өзгеріс әлеуметтік теңсіздікке де әкелуі мүмкін. Сонымен қатар байлар мен кедейлердің арасы алшақтай түседі. Робот жасаушылардың табысы тез көбеймек. Ал дене еңбегінің аз болуы адам денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймайды. Адам психикасына, әсіресе балалар психикасына әсер, дамудың тежелуі, артық салмақ, ұйқының жетіспеуі, психикалық аурулар, агрессия жаңа технологияның жемісі.
Қорыта келе, Бауыржан Момышұлының «Техника қаншама дамып жетілгенімен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды» деген сөзін естен шығармасақ екен.

4. «ПОПС» ФОРМУЛАСЫ
Менің ойымша,
Оны былай түсіндіремін:
Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін:
Ойымды былай қорытындылаймын: ​

Показать ответ
Ответ:
ARTiStlll
ARTiStlll
24.05.2023 23:00

Менің Отаным - Қазақстан! Сонау Каспий теңізі мен Алтай тауларын алып жатқан атырапты қаншама адам өлең - жырларына қосқан. Кіндік қаным тамған туған жерім қасиетті әрі жұмбақ өлкелерге толы. Әсіресе Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары тарихқа бай. Сонымен қатар, біз білмейтін құпия да жетерлік. Биыл жаз айларында Шығысымның көрікті, киелі өңірлерінде болып қайттым. Солардың бірі - Бөрілі, Жидебай және Қарауыл аудандарына тоқталып кетейік.

Жалпы көпшілік білетін Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов - Шығыстан шыққан ұлы тұлғалар. "Абай жолы" роман - эпопеясын жазған Мұхтар Әуезов Бөрілі ауылының тумасы. Бөріліге келген сәтте бізді адамдар құшақ жая қарсы алды. Далада үлкен киіз үй тігіліп, қойылым көрсетуге дайын тұр еді. Бізге "Абай жолы" роман - эпопеясындағы "Қайтқанда" тарауын көрініс ретінде қойып берді. Адамдар тап бір сол ғасырға түскендей күй кешті. Айта кетсек, Мұхтар Әуезов шығармаларының көпшілігін осы Бөрілі ауылында жазған екен. Бұл жерде жазушыға арнайы салынған мұражай бар. Мұражайда оның қолданған қаламы, мүсіні, суреттері, сол уақыттарда пайдаланылған әртүрлі бұйымдары сақтаулы, өмірі мен шығармашылығы жайында мол мағлұматтар жинақталған. Бұған қоса, мұнда қазақтың ұлттық салт - дәстүрін айқындайтын, аса бір шеберлікпен жасалған сандықшалар, ас үй жабдықтары бөлек орынға ие. Тіпті, жолаушылардың саяхаттан алған әсерін жазуға кітапша да бар екен. Меніңше, бұл Абай ауданын жер - жерге танытуда үлкен рөл атқарады. Себебі, қазіргі таңда, жастар Абайды әрі шәкірттерін толық танып білмейді. Бөріліден шыға салысымен, алғаш "Еңлік - Кебек" пьесасын қойған жер - Ойқұдық жайлауы көзге көрінеді. Пьеса Абайдың аяулы жары Әйгерімнің сегіз қанат үйінде қойылған. Қазір де бұл жер - Ералы жайлауы деп аталады. Ералы баба Абай елінің шежіресінде ерекше орын алады. Бабамыздың елдің береке-бірлігін нығайтуда үлесі зор екендігінен бүгінгі ұрпақ хабардар. Халық оны жас кезінде ел билеу ісіне араласқан, сырқат адамдарды емдеген, емдік шөптерді шәй ретінде қайнатып ішуді шығарған жан деседі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Дианп11
Дианп11
24.05.2023 23:00

Назары әдемі деген адам өмірга басқаша көз-қараспен қарайтын адам. Ондай адамдар барша нәрсені жақсы жағынан, өзіне ыңғайлы жағынан көреді. Проблемаларды ашусыз, депрессиясыз шеше алады. Ой-санасы проблемалармен, лас нәрселермен бүлінбейді. Кез келген қиындықты басқаша жағынан қарап, оңай шеше алады. Осылайша әр адамның өмірінде келетін қиындықтар оларға әлдеқайда оңай болады. Осылайша олар сүрінсе қайта тұруға бейім болады. Сондықтан оларға өмірді сынақтарға толы күйде емес қызықты күйде қабылдайды. Ондай адамдар көп жағдайда оптимист болып келеді. Сондық біз әрқайсымыз жаман ойлардан аулақ болып айналамызға жақсы көзқараста болуымыз қажет. Сонда ғана өмірдің рахатын көріп, бақыттын бола аламыз

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота