Роман-эсседен алған үзіндіні қолданып, зерттеу жұмысын қалай жүргізгені туралы Қаныштың атынан хат немесе естелік жазыңдар (130-150 сөз). Мәскеуден, Ленинградтан келген геологиялық комитеттің мамандары Ұлытаудай қиянға өндіріс орнын ашуға қарсы болады. Жезқазған кенінде мыс бар, алайда қоры аз, сондықтан бұрғылау жұмысын жүргізу тиімсіз деген шешімге келеді. Қаныш Жезқазған мыс кен орнының қоры бұрынғыдан әлдеқайда көп екенін дәлелдеу үшін зерттеумен айналысады. *
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған.
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.