Сәлеметсің бе, құрметті досым, Әнуар! Денсаулығың, сабағың жақсы ма? Отбасың аман ба? Өзім туралы айтсам, үй-ішім аман, сабағым өте жақсы. Менің еліміздің тарихына ерекше қызығушылық танытатынымды сен жақсы білесің ғой. Осы хатымда саған ел тарихындағы батыр әйел Тұмар патшайымның ерлігі туралы айтқым келеді. Сақ тайпасының патшайымы Тұмарға парсы патшасы Кир кісі жіберіп, өзіне тұрмысқа шығуын сұраған екен. Бірақ бұл - массагеттерге соғыс ашу үшін Кирдің ойлап тапқан амалы еді. Өйткені Тұмардың келісім бермейтінін ол жақсы біледі. Кир Крездің ақылы бойынша сақ әскеріне қарсы аз ғана әскерін қалдырып, кейін шегінеді. Сақтар парсылар жеңілді деген оймен жеңістерін тойлай бастаған еді. Сол кезде парсы әскерлері кенеттен шабуыл жасайды. Кир Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады. Тұмар патшайым Кирге кісі жіберіп, ұлын босатуды сұрайды. Бірақ Кир Спаргапты босатпайды. Тұтқынға түсіп қалғанына намыстанған Спаргап өзін-өзі өлтіреді. Бұл хабарды естіген Тұмар патшайым ашу-ызамен Кир әскерімен соғысады. Нәтижесінде массагеттер әскери амалдарды өте жақсы меңгергендіктен, парсыларды жеңеді. Осы шайқаста Кир де қаза болады. Тұмар патшайым Кирдің басын кесіп алып, оны қан толған ыдысқа батырып, сертін орындаған екен.
Әнуар, тарихымызда ерлермен қатар ерлік көрсеткен аналарымыздың батырлығын біліп жүргеніміз қандай жақсы! Сен де осындай қызықты тарихи оқиғалар туралы білсең, менімен бөлісуіңді өтінемін. Хат күтемін. Сау бол!
Сәлеммен досың Айдар (198 сөз)
1-тапсырма. Тест тапсырмасын орындаңыз
1. Мәтін стилін анықтаңыз
А. өтініш
Ә. жарнама
Б. хабарлама
В. хат
2. Мәтін кімге арналып жазылған?
А. Ағасына
Ә. Досына
Б. Көршісіне
В. Сыныптасына
3. Мәтінде қандай тарихи оқиға туралы айтылған?
А. Кирдің амалы
Ә. Сақтардың шабуылы
Б. Парсылардың ерлігі
В. Тұмардың жеңісі
4. «Соғыс» сөзінің синонимін анықтаңыз
А. Тұтқын
Ә. Шайқас
Б. Батыр
В. Әскер
5. «кейін шегінеді» сөзінің антонмін анықтаңыз
А. қазақ болады
Ә. тұтқынға алады
Б. шабуыл жасайды
В. артқа кетеді 5 б.
2-тапсырма. Мәтіннен сұрау және сілтеу есімдікті сөйлемдерді теріп жазыңыз.
Сұрау
Сілтеу 2 б.
3-тапсырма. Берілген зат есімді сөйлемдерді жіктеу, сілтеу, сұрау есімдікті сөйлемдермен алмастырыңыз.
Хабарлы сөйлем Есімдікті сөйлем
1. Тұмар патшайым Кир әскерімен соғысады.
2. Кир Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады.
3. Массагеттер парсыларды жеңеді.
3 б.
1.Қазақ елінің ұлттық кітапханасы қазақ халқының ұлттыцқ мәдениниетінде қандай рөл атқарады?қазақ зиялыларын тәрбиелеуде және жұмысшы қауымының мәдени сұраныстарын қанағаттандыруда аса маңызды роль атқарады.
2.Жыл сайын кітап қорына қанша басылымдар түседі?150-160 мыңдай әр түрлі басылымдар келіп түседі.
3.Зерттеушілерді сирек кітап қорында не қызықтырады?Зерттеушілерді сирек кітап қорындағы 25 мыңнан асатын қазақ, орыс, шығыс тілдеріндегі және Батыс Европа халықтарының ҮІ, ҮІІІ ғасырлардағы және ХІХ ғасырдың басындағы кітаптар мен қолжазбалар қызықтырады.
1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 жылы 16 қыркүйекте «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның» жобасы алғаш рет БАҚ-та жарияланды. Сол кезде одан өзге «Азат» азаматтық қозғалысы да Декларацияның балама нұсқасын әзірлепті. Қалай дегенмен де егемендікті жария еткен құжатты қабылдау барысында егемендікке қарсы кейбіреулер «мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «қазақ ұлты тағдырының жауапкершілігін сезіне отырып» деп келетін тұжырымдарға келіспеушілік танытты. Сонымен бірге сессияда «басқарушы және негізгі күш коммунистік партия болып табылады» деген 6-бапты алып тастау туралы батыл ұсынысқа егемендікті қаламайтын «қызыл коммунистер» көп қарсылық білдіріпті. Тіпті кейбіреулердің болашақ үшін аса маңызды құжатты қабылдауды кейінге қалдырмақ ойы да болған. Осындай сын сәтте Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев сынды ағаларымыз құлдықты көксейтіндерге батыл уәж айтып, ұлт мәселесін төтесінен қоя білді. Буырқанған егемендік рух пен құлдық сана арпалысқан сессияда Декларациядағы 17-бап сегіз сағат бойы талқыға түсті. Кеңестер Одағының талқаны таусылмай жатып, одақтас республикалардың кейбірі тәуелсіздік туралы заңдарды қабылдап үлгерген-ді. Сөйтіп, КСРО дейтін қараңғы қапастан егемендіктің 15 гүлі қауызын жарып, бүршік атты. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Еліміз егемендік Декларациясы арқылы табиғи байлығымызды, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін толық меншігіне алды. Қазақстантерриториясындағы барлық әскери құрылымдар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қазақстан территориясында егемендікке қайшы келетін КСРО заңдарының күші жойылды. Декларация орталыққа бағынышты күйден арылтып, Мәскеумен жаңа жағдайда тең әріптес ретінде ынтымақтастыққа қол жеткізді. Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме амбиция ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат. Сондықтан да егемендік туралы Декларациясы, кейін 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларациясымен терең үндестік тапты.
Кейбір саясаткерлер пікірінше бұл күнді тәуелсіздік күні деуден гөрі желтоқсан құрбандарын еске алу күні десе болғандай. Өйткені 1986 шы жылдың желтоқсанның 16-сы күні кешінде қазақ жастарының үлкен күреске шыққан күні, алайда биліктегілер бұл күнді ұмыттыру үшін әдейі тәуелсіздік күні деп жариялап отыр.