В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
rafael700rg
rafael700rg
05.04.2022 15:00 •  Қазақ тiлi

- Сəлеметсіз бе! - Танысалық, шырақ. Мен Телман аудандық атқару комитетінің председателі -
Қанабекпін.
- Мен осы Қарағанды күзетіп ұалған Ермек деген жұмысшымын.
- Бəрекелді! Іздегеніміз -сен едің. Мына кісілер-сонау Донбастан. Москвадан келеді.
Қарағандыға жан салмақ, бізбен бірге отырып,Совет Қарағандысын жасамақ. Танысып қой Сергей Петрович Щербаков,-деп зор денелі,бурыл бас кісіге нұсқады,-өзіңдей ескі шахтер, болашақ трест бастығы... Механик Козлов, слесарь Лапшин, мына кісі-инженер Орлов.
Ермек енді əрқайсысымен қол алысты. Суық, сұрғылт жүзіне қан жүгірген көзі жайнап барады. Тұйық, ауыр мінез адамның аузынан əлі мардымды ештеме шықпаса да, өңіндегі өзгерістер қуанышын сездіріп тұр.
Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. Жүгірген бала, жебелей басқан əйел-еркектер көрінеді. Маңайдағы колхоздардан көмір алуға келген колхозшылар да, өтіп бара жатқан бірен-саран аттылар да бұрылып, қонақтардың маңына жиналды. Одан-бұдан жиыла -жиыла кішігірім топ құрылды.
- Қарағандыны жүргізуге келіпті.
- Донбастың мастерлері,-дейді.
- Е, «осал деме көмірді, бұрқылдатар темірді».
Көп ішінде сабыр-күбір осылай жұріп жатты. Ермек қалтасынан бір шумақ кілт суырып, Щербаковқа ұсынды.
- Чайковтан естіген едім, күткен едім. Жақсы келдіңіздер, міне, завод кілтін енді өз қолыңызға алыңыз.
Щербаков кілтті алған соң тебінгідей жалпақ алақанына салып, біраз ойланып тұрды да кішірек көзін төңірекке жіберді. Кең дала оның көңілін де кеңейтіп жңберген тəрізді. Қолын көтере, сол далаға мегзей.
- Жолдастар!- деді жуан дауыспен кең иықты, алып денелі адамның даусы да зор, салмақты шықты. -Осы далада Аппақ Байжанов қой бағып жүріп, суыр інінен Қарағанды көмірін тапқалы жүзге жуық жыл өтіп барады. Содан бері орыс- ағылышын капиталистері қазақ жерінің байлығын, қазақ халқының арманын осы кілтпен жауып ұстағандай болса, біз енді осы кілтпен бəрін ашамыз.
Тапсырма.
1. Мəтінді оқып, мəтін бойынша 5 сұрақ дайындаңыз.

Показать ответ
Ответ:
Gggg25632
Gggg25632
12.01.2021 21:20
Пластикалық карталар қоғам және өзара каржы қатынастарының құрылымын елеулі түрде дамытты. Алайда пластикалық карталар төлем айналымының сенімділігін толық өзгежеде қамтамасыз етпейді. Жалғандық жасаудан келтірілетін ал жыл сайын көбейе түсуде, мұның өзі шығынның орнын толтыру үшін банкілерді арнаулы сақтық қорларын ұстауға мәжбүр етуде пластикалық карталардың басқа бір кемшіліктері жеке тұлғалардың арасында есеп айырысудың күрделілігі, осы мақсат үшін қолданылатын банкоматтар тым қымбат тұратын аппараттар

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар - төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өндеу кұралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Төлем карточкалары екі түрлі дебеттік және кредиттік болып келеді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Meowmeowmi
Meowmeowmi
22.02.2022 23:21
Арыстандай айбаттым, Жолбарыстай қайраттым, Аспандаған байрақтым, Қанша жұлдыз жайнаттың, Қанша бұлбұл сайраттың, Қазақстан, ардақтым! Тұлпарыңның шабысын, Домбыраңның қағысын, Күңіренткен тау ішін, Дарияңның ағысын «Сүйем!» десем - бәрі шын, Қазақстан - намысым! Әрбір тасы - киелім, Әр уығы - жүйелім, Ән кернеген жүрегін, Күй кернеген тиегін, Сары алтыннан сүйегің, Қазақстан - жыр елім! Шаңырағың - шырағым Топырағың - тұмарым, Ғаламда жоқ сыңарың, Ғажайыбым, жұмағым, Басы таза бұлағым, Басылмайтын құмарым!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота