Сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз.
№
Сұрақ
Жауап
1
Бірінші көрші қарды тазалауға қай мезгілде шығады?
2
Мәтінді қалай атауға болады?
3
Бірінші көрші қандай адам?
4
Екінші көрші не деді?
5
Мәтіннің қорытындысы бойынша қандай мақал-мәтел сай?
2-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып және сан есімдерді қолданып « Біз - Егеменді еліміздің ертеңіміз» тақырыбына мәтін құрастырыңыз.
Тірек сөздер: көркейту, ізденгіш, зерек, еңбексүйгіш, нығайту.
Жастық пен махаббат, сұлулық пен нәзіктік, шынайылық пен іңкәрлік, сүйіспеншілік пен адамгершілік, сенім мен сезім тақырыптарынан сыр қозғап, адамдық пен адалдықты сөз етер, сертке берік екі жастың арасындағы ғашықтық жырларын шертер «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымы – өнер мен өмір, тәрбие-тағылым мектебі екені хақ...
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу–Ғ.Мүсіреповтің халық жыры негізінде жазған 4 перделі, 7 суретті трагедиясы. Шығарма 1939 ж. сәуір айында жазылып біткен. Оның сюжеті ертеден мәлім жақсылық пен жамандықтың, махаббат пен қызғаныштың арасында туатын тартыс желісіне құрылған. Бір жылы дүниеге келген құрдас Қозы мен Баян бірін бірі жастайынан-ақ сүйіп табысады. Бірақ балғын жастардың махаббатына қызғаныш уын ішкен Қодардың жауыздығынан әрі Қарабайдың сараңдығынан екі жас мерт болады. Осындай қайғылы оқиғамен аяқталатын трагедия алғаш рет Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында режиссер М.Г. Насоновтың сахналауымен 1940 жылы 29 сәуірдекөрермен назарына ұсынылды. Бұл спектакльге О.Т. Жұмағұлов (Қозы Көрпеш), Ж. Жалмұхамедова (Баян), М.Б. Шамова мен Р.Р. Қойшыбаева (Мақпал), С. Қожамқұлов (Қарабай), Е. Өмірзақов пен Ә. Хәсенов (Қодар) т.б актерлер қатысып ойнады.