Сәулет салтанат құрғанда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел экономикасы өсуін тоқтатып, әлеуметтің барлық саласында тоқырау болғаны есімізде. Әсіресе, құрылыс нарығына оңай тимеді. Қала мен далада, ауыл мен ауданда, зауыт пен фабрикада, не керек адам аяғы басқан жердің бәрінде құрылыс тоқтады. Құрылысшылар күн көріспен базар жағаласа, архитекторлар шетел асып жатты. Іргетасы қаланып, кірпіші енді өріле бастаған ғимараттар «сақалды құрылысқа» айналды. Қала кейпінің өңі кетіп, қаңыраған ғимараттар қалыпты күйде қабылданды.
Жұрт барды сақтауға талпынған кез еді…
Дәл сол уақытта, айналдырған 25 жыл ішінде, біз Астанадай алып шаһарды тұрғызамыз деп ойламадық. Алматының кең көшелерінде жол айрықтары бірінен соң бірі ашылатынын сезбедік. Шымкент, Ақтау секілді облыс орталықтары жаңаша түлейтінін білмедік. Қытаймен шекаралас аймақта Нұркент қалашығы бой көтеретіні де үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген. Мұның бәріне жету сондай қиын болып көрінетін.
Біз теледидардан Дубай мен Нью-Йорктің көкпен таласқан ғимараттарына сырттай сүйсініп қана отырамыз деп ойладық. Осындайда ойлағанымыздың орындалмағанына қуанасың. Бүгінде қазақ сахарасы әлемнің үздік архитекторларымен қатар, отандық сәулет өнері хас шеберлерінің ойдағысын орындайтын құт мекенге айналды. Кәсіби құрылысшылар сұранысқа ие. Сарыарқа төрінде ХХІ ғасырдың ең сұлу шаһары — Астана, ертегідегідей ғажап шаһарға айналып, жыл санап емес, ай, тіпті күн санап өсіп келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тамаша идеясын жүзеге асыруға Кисе Куросава, Норман Фостер бастаған заманауи архитекторлар Ұлы далаға ат басын бұруда. Олардың қаламынан сызылған эскиздер қағаз жүзінен емес, қала жүзінен көрініс тапты. Отандық архитекторлар да бай тарихымызды паш ететін, ұлттық нақыштағы әсем ғимараттар мен ескерткіштерді көз алдымызға алып келді. Ақмырза Рүстембеков, Сағындық Жанболатов, Шохан Матайбеков бастаған бір топ архитекторлар сіз бен біздің ойда жүрген бар арманымызды, сан қатпарлы қиялымыздағы бейнені қыруар еңбекпен жүзеге асырды.
Осы алмағайып 27 жыл ішінде Азиада мен Универсиадаға арналған әлемдік деңгейдегі спорт кешендері бой көтерді. «ЭКСПО — 2017» қалашығы құрылыс технологиясының жаңа стандарттарымен салынды.
Еліміздің батыс аймағында — Ақтау, Атырау, Орал және Ақтөбеде кең көлемді құрылыс
жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, тұрғын үй секторы қарқын алған. Жақын арада Ақтөбеде француз және ағылшын кварталдары пайда болады. Одан бөлек, француздық ІЬіз қонақүй желісінің құрылысы жүргізіледі. Ақтауда Огееп Ріага тұрғын үй кешені әсемдігі мен асқақтығы тұрғысынан талайдың таңдайын қақтырды.
Елдің солтүстігі мен шығысында да таң-тамаша ғимараттар салынуда. Бурабай демалыс аймағында тұғырдан секіру кешені келер жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Семейде құрылысы басталғалы тұрған Абай арена Ертіс бойындағы ең сұлу кешен болатыны сөзсіз.
Елдің үшінші шаһары атанып жүрген Шымкент қаласында құрылыс қарқын алуда. Алдағы уақытта қаланың солтүстік батыс бөлігінде «Шымкент сити» шағын ауданы бой көтереді. жақында хай тек стиліндегі Ғогіе Ьапк кеңсесі құрылысын аяқтады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің ба өз хатшысы Бейсенбай Тәжібаевтың айтуы бойынша, биыл 5 жолайрығының құрылысы басталады екен.
Асқар БЕК
1. Мақала жанрына тән терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, жаңа қолданыстағы сөздерді теріп жазыңыз.
терминдер сәулет өнеріне қатысты ұғымдар тілдік оралымдар жаңа қолданыстағы сөздер
2. Бұл терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды автор не үшін қолданды?
«Қыз Жібек» – қазақ халқының әйгілі лиро-эпостық жыры. Жыр – махаббат машақаты жолында туындаған оқиғаға құрылдған. Шамамен XVIІ ғасырда қазақ даласының батыс өңірінде, яғни Кіші жүз қазақтары арасында дүниеге келген жырдың нұсқалары арасында айырмашылық аз, яғни болса, кейбір сюжеттік қосындылар мен суреттеу, баяндаулардағы қысқа немесе кеңінен толғаушылық болса керек. Аталған жырды алғаш рет Е:А. Александров 1880 жылы Мұсабай ақыннан жазып алып, ұзын-ырғасын қара сөзбен орысшаға аударған болса, татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен жазып алып, 1894 жылы Қазан қаласында кітап етіп бастырған. Біз төменде аталған нұсқамен қоса Жүсіпбекқожа Шайхисламов жинақтап, Қазанда бірнеше рет бастырған толық нұсқасын да жариялап отырмыз.Фильмнің бірінші бөлімінде Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі.
Фильмнің 2-бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады.
Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дариялар бар еді, осы дариялардың һәммасы Черный море дегенге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз жағалбайлы деген ел бер екен. Сол елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбайдың байлығын ешкім есеп етіп болмас екен, үш қатыннан тоғыз ұлы бар екен. Сол елге бір қалың дерт – оба келіп, сонда Базарбайдың тоғыз ұлының бәрі өліпті, содан кейін және алты қатын алыпты, еш перзенті болмады. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарда еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды, осы Төлеген періште сипатты, хор құлықты боп туды, оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай қойды. Екеуіне де Базарбай қалың бермеді, тірі болса өздері бір қыз алар, патшаның қызын алса да мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір сәудегер кеп сұрады: бұл Базарбай екі ұлына неге қалыңдық бермеген деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні Төлегенге айтады."Қазақ халқының даналығы көрініс тапқан жыр"Жібек — Меруерт Өтекешева
Объяснение:
Бұл көне түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.
Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады.