В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
киса5558
киса5558
21.09.2020 11:53 •  Қазақ тiлi

Сәйкестендіру. | Тұлғалар
Айтылған сөздер
Дұрыс
жауабы
1
Аттила
А A
400-453 жж әйгілі ғұн ұлысының билеушісі. Еділ атанған.
A
2
Прииск
B
448 жылы Римнен шыққан елші, тілмаш Аттила сарайына
барған. «Бір көргеннен оның нағыз азиялық екенін бірден
айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі».
3
Д.Верди
С
Италияның атақты компазиторы. «Аттила» операсын
жазды.
4
В.Иордан
д
Ғұндар жеңімпаз қолбасшыларын, жартылай құдай ретінде
мойындады.
5
Марцелли
H Н
Ертелі-кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы
кеңесетін болса, кеңестi де ат үстінде отырып өткізеді.
Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді.
Тау мен орманда көшіп жүреді, жас кезінен ыстық-суыққа
үйренген.​

Показать ответ
Ответ:
Kolyakek
Kolyakek
22.11.2021 12:11

Тақырыбы: Еңбек – ер атандырады.

Мақсаты: Еңбектің түрлерін, еңбек етуге, еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру.

Мұғалім

Бақыты асқан патшадан,

Миымен асқан қара артық.

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық

Оқушы

Жайнатар кең өлкені,

Болашақтың ертеңі.

Біз бақытты баламыз,

Ата - ананың өркені.

Еңбек туралы альбомдар және суреттер көрсетіледі.

Еңбек туралы тақпақтар;

Қарамай уақытына қиынына,

Қарамай уақыттың құйынына,

Ертеңге бара жатыр еңбек енді.

Жер шарын салып алып иығына.

Біледі оны терлеп көрген,

Терлесең кетер онда кернеп кеудең.

Адам мен бірге туып басталады,

Ол талаптану, ұмтылу, еңбектенуден.

Еріншектен ер шықпайды,

Ешқашан,

Өйткені,

Еңбек етпей тер шықпайды.

Жалқау болсаң жасыңнан,

Ұйқы қалмас қасыңнан.

Еңбек сүйсең табылар,

Бар жақсылық қасыңнан.

Бұлақ ақса - көл тоқ,

Көк шөп өссе - төл тоқ.

Қос білегін сыбанып,

Еңбек етсе – ер тоқ.

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Көрініс: Еңбекпен тапқан тиын.

Автор: Жұлдыз Әкесі: Райымбек Анасы: Айдана Баласы: Жарас

Еңбек түрлері

Ақыл ой еңбегі иелері: оқушы, мұғалім, дәрігер, жазушы, ақын, жырау.

Дене еңбегі иелері: егінші, малшы, шахтер, кенші, спортсмен.

Еңбек туралы мақал - мәтелдер.

Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болар,

Диқан еккенін жейді

Жылқы тепкенін жейді.

Еңбегің сайлы болса,

Жегенің майлы болар.

Маңдайы терлемегеннің,

Қазаны қайнамайды.

Еңбек адамды бүтіндейді,

Жалқаулық түтіп жейді.

Еңбек өмірді ұзартады,

Ұят бетті қызартады

Еңбек ширатады,

Өмір үйретеді.

Еңбек деген байлық бар,

Ерінбеген жететін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
vladdancer
vladdancer
22.11.2021 12:11

Еңбек ер атандырады.

Еңбек - адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.Адам өмірі еңбекпен тығыз байланыста болады. Жалпы, еңбек адамның табиғи жетістігі болып саналады.

Қазақ халқы қашан да еңбекке аса үлкен мән беріп, бала тәрбиесінде де еңбекқорлықты маңызды санаған. Бұған дәлел ретінде «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдардан еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін аңғаруға болады. Ал еріншектік, жалқаулық жақсы қасиетке жатпайды. Тіпті ұлы дана Абай атамыз да еріншектікті бес дұшпанның біреуі санаған.

Сондықтан балаларды кішкене күнінен еңбекке құштар қылып тәрбиелеп, адал еңбекпен тауып жеген нанның тәтті болатынына үйрету керек деп есептеймін.Себебі, біз еңбектенудің арқасында көптеген нәрселерге қол жеткіземіз. Мысалы, күнделікті ішіп- жейтін тамағымыз бен киетін киіміміздің өзі еңбекпен келеді.

Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Сондықтан да «еңбек түбі береке» екенін жадымызда ұстаған абзал.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота