В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
MaDooon
MaDooon
26.02.2020 13:52 •  Қазақ тiлi

Сабақтың тақырыбы: Бөгенбай батыр 1-тапсырма: мәтінді орыс тіліне аудар.
Бөгенбай батыр (1690 - 1775 ж.ж.)
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті. Оның атасы - Әлденкүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуын сеніп тапсырған. Бөгенбайдың әкесі Ақшаның бойында ақындық,айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бөгенбай батыр жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен.
Сөздік жұмыс. Асты сызылған сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

Қолбасшы – полководец
Халық аңызы – народная легенда
Әскербасы – военачальник Әйгілі – знаменитый жауынгер- воин

Ардақтау – восславить
Қорғау – защитить
Жорық – поход

2-тапсырма
Мұнда әріптер берілген, әріптерден сөз құраймыз, әріптерден қазақтың батырлары шығады.
1.ЛГЙБӨАБНЕ ОРБЫТА
2. ТЙҚААБАБН ПАРЫБТ
3. ПЙНАУАБРЗЫ СРБАЫТ
4. КЯНАБ ГАРЫТБ

3-тапсырма. Мәтіннен септік, тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жаз.
4-тапсырма. Берілген сөздерге көптік жалғауын қосып жазыңдар.
Қонақ, үй, кітап, дәптер, құс, жапырақ, жауынгер, батыр, ақын, ер, аң, қару, күмбез, ел.

Сабақтың тақырыбы:
Тапсырма: Мәтінді қазақ тіліне аудар.

Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аудар.
Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы –Бауыржан
Момышұлы (1910-1982)
Бауыржан Момышұлы қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, біраз уақыт мұғалім болып істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Ауылға оралған соң, біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. 1936 жылы қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, ол даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарады.
Б.Момышұлының әскери өмірбаянында Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алады, сол шайқастағы ерлігі Одақ көлеміне аңыз болып тарайды. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» («Волоколам тас жолы») повесін жазады. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.
Б.Момышұлының басты шығармалары: «Офицер күнделігі», «Бір түннің оқиғасы» (1956), «Москва үшін шайқас» (1958), «Майдандағы кездесулер» (1962) және т.б.

Сөздік:
жасақтау основать; организовать дружину; переформировать дивизию
қаһармандық – героизм; героический; подвиг; отвага
атқыштар дивизиясы – стрелковая дивизия
шығармашылық – творчество
дәріптеу – возвеличить; воспеть; популяризация; превозносить; хвалить; восхвалять
елдік – миролюбие; мирное взаимоотношение
ерлік – героизм; доблесть; мужество; храбрость

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына септік, көптік жалғауларын қосып жаз.
Бауыржан... әдебиет майданында әскери ерлік...інен еш кем емес қаһармандық іс тындырған қаламгер екені баршаға мәлім. Ұзақ жыл...дан соң, соғыс және еңбек ардагер...і, ғылым мен мәдениет қайраткер...і, қалың жұртшылық талабымен, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қолдауы арқасы... халқымыз... ардақты ұлы – көзі тірісінде-ақ аты аңыз... айналып кеткен осынау даңқты жауынгер, дарқан ойлы қолбасшы турасындағы тарихи әділеттілік қалпы... келтіріліп еді. Фидел Кастро Б.Момышұлы туралы кітап... басына жастанып оқыды. Оның көзі тірісінде қалың қазақ жұртының тарихында Қарақыпшақ Қобыланды сынды болған адам екендігін дәлелдеуге тарих енді ғана көшті... .

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.

Показать ответ
Ответ:
Malia21
Malia21
24.12.2020 22:41

1 тапсырма

Богенбай батыр (1690 - 1775)

Герой при Абылай-хане, знаменитом полководце. Он имел большую репутацию среди казахских воинов, поэтому в народе его прозвали Канжигалы Богенбай.

. Он родился на берегу реки Сырдарья. Его дед был Алденкун, а отец был известным человеком в клане Акша Канжыгалы.Аз Тауке хан доверил своему отцу командовать армией из 80 тысяч воинов. Отец Богенбая Акша также обладал искусством поэзии и борьбы. Искусство отца исцелило его сына. Богенбай батыр составлял группу близких людей и впоследствии стал известен в стране как «сорок героев Канжигалы».

2 тапсырма

1 бөгенбай батыр

2 Қабанбай батыр

3 наурызбай батыр

4 баян батыр

3 тапсырма

жауынгерлері,өзенінің,атасы, әкесінің

4 тапсырма

қонақтар, үйлер,кітаптар,дәптерлер,құстар,жапырақтар жауынгерлер,батырлар,ақындар,ерлер, аңдар,қарулар,күмбездер,,елдер

2 тапсырма

Бауыржанның әдебиет майданында әскери ерліктерінен еш кем емес қаһармандық іс тындырған қаламгер екені баршаға мәлім. Ұзақ жылдардан соң, соғыс және еңбек ардагерлері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, қалың жұртшылық талабымен, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қолдауы арқасында халқымыздың ардақты ұлы – көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналып кеткен осынау даңқты жауынгер, дарқан ойлы қолбасшы турасындағы тарихи әділеттілік қалпына келтіріліп еді. Фидел Кастро Б.Момышұлы туралы кітаптарын басына жастанып оқыды. Оның көзі тірісінде қалың қазақ жұртының тарихында Қарақыпшақ Қобыланды сынды болған адам екендігін дәлелдеуге тарих енді ғана көшті .

3 тапсырма

1)Б. Момышұлы қайда дүниеге келді?

2) Ұлы Отан соғысы кезінде қайда аттанады?

3) Қандай шығармалары бар

Осылай шығар

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота