"Күз – береке,байлықтың бастауы" демекші,күзгі жиын-терім аяқталған соң ел-жұрт сабан той дәстүрін өткізуге жиналады.Мұны егінші ел жасайды.Егін бітік шығып,қырманын қызылдап,оны төкпей-шашпай,суыққа ұрындармай мезгілінде жинап алған ел күзде сабан той өткізеді. Әлбетте,мұнда да кең дастарқан жайылып,ақсақалдар ақ батасын береді.Мұнда ұлттық спорт түрлері:күрес,ат жарысы, жаяу жарыс өткізіледі.Әуезбен күй тартылып,айтыс ұйымдастырылады.Үкілі бөрік,тақия,кимешек секілді ұлттық киімдерін киіп шыққан жастар ана тілінде ән айтып,би билейді.Ұлттық тағамдар әзірленіп,ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүрлерді еске түсіріп, театрлық қойылымдар көрсетіліп,той жоғары деңгейде аталып өтіледі.
Астың тойы - сабан той.