Мектеп оқушыларының ережелері Мектепте оқу – тәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп оқушыларының тәртіп Е Р Е Ж Е Л Е Р І 1. Жалпы ереже 1.1. Мектепте оқушылар өзара және үлкендер арасында рухани – адамгершілік нормаларын сақтайды. Адал әрі өзінің және өзгенің ар-ождан қағидаларын биік ұстайды. 1.2 Оқушылар: · Оқушы мектепке мектеп үлгісімен (формасымен) ; · Үлкендерге құрметпен қарауға; · Көмек керек кезінде кішілерге, мүгедек-кемтарларға көмек көрсетуге; · Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашығындай сақтауға; · Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауға; · Ынталы оқуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және білімді табандылықпен меңгеруге; · Сабақтан қалмауға, сабаққа және басқа да іс-шараларға кешікпей, уақтылы келуге; · Мектеп ережелерімен талаптарын (мектеп әкімшілігінің , мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен оқушылар ұйымының) орындауға; · Мектептің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысуға; · Өзінің мәдени деңгейін әрқашан көтеріп отыруға, өз бойында жақсы эстетикалық талғам мен әдептерді қалыптастыруға; · Жаман әдеттерден: темекі шегу, жаман сөз айту, қыдыру, салақтық т.б. аулақ болуға, оны болдырмауға; · Жеке бас гигиенасын сақтауға, денесін шынықтыруға, мектепте және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға; · Ұжымда достық қарым-қатынас орнатуға, бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінің абыройы мен намысын қорғауға; · Табиғатқа (өсімдік, жан-жануар т.б.) нұқсан келтірмей, қамқор болуға М І Н Д Е Т Т І 1.3. Оқушылар мұғалімдерді , өзінен жасы үлкен адамдарды «Сіз» деп атайды. 1.4. Оқушылар үлкенге жол береді. Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына , ер балалар қыз балаларға жол берулері тиіс. 1.5. Өзара түсініспеушілік жағдай болғанда ешқашан күш қолдануға , лас сөздермен балағаттауға болмайды. 1.6. Оқушыларға: · Сабақ уақытында мектептен және мектеп маңынан мұғалімдердің, мектеп әкімшілік мүшелерінің, сынып жетекшілерінің рұқсатынсыз кетуге;
Еркебұлан: Жақын арада мектебімізге Ахмет Байтұрсынұлының аты беріледі екен. Соны естідің бе? Жалпы, көзқарасың қалай?
Ақтілек: Жоқ, естімеппін. Бұл өте жағымды жаңалық қой. Мен бұл іске тек қуанышты боламын. Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт мақтанышы ғой.
Еркебұлан: Ия, мен де сенімен толықтай келісемін. Бұл кісі тек әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, қоғам қайраткері, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі ғана емес, сонымен қатар қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы ғой. Мектебіміздің беделі тек арта түседі деп есептеймін.
Ақтілек: Ия, әттең, қазағымның көрнекті қоғам қайраткерлері репрессия құрбандары болып кетті, әйтпегенде халыққа берері мол еді…
Еркебұлан: Әдебиет сабағында А. Байтұрсынұлы барлық қазақ тілінде қолданылмайтын араб әріптерін алып тастап, қазақ тіліне тән әріптерді қосып, «Жаңа Емле» атты бұл әліппе әлі күнге дейін Қытай, Афганистан, Иранда тұратын қазақтармен қолданылатынын оқып едік.
Ақтілек: Ия, достым. Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралатыны сөзсіз.
Ахмет Байтұрсынұлы туралы диалог құрастыру.