Достық - ең ұлы сезімдердің бірі.Доссыз өмірді елестетуге келмейді десек те болады.Халқымыз "жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын" деп бекер айтпаған.Достармен сен қуанышыңды да,қайғыңды да бөлісе аласың.Олармен бірге кез келген қиындыққа төтеп беру - ең үлкен жеңістердің бірі.
Бұл өмірде адал дос та,амал дос та болады.Тек олардың аражігін айыра білу керек.Себебі,досың арқылы айналадағылар сені таниды."Жаман достан жақсы дұшпан артық демекші" жаныңдағы шынайы емес достардан қашық жүргенің абзал.Олар тек өз қара бастарын ғана ойлайтындықтан,сені тұңғиыққа батырып жібереді.
"Алтау ала болса,ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген екен ата-бабамыз.Расында,адамдар арасында татулық орнаса,алынбайтын қамал болмайды.Тарихымыздағы халық басына күн туып, жаугершілік заман болғанда хандарымыз бен билеріміз халықты бірлікке,татулыққа шақырған.Осылайша олар бір-екеу емес,бірнеше болып жауға тойтарыс берген.
Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.Бұл - біздің татулығымыздың, достығымыздың көрсеткіші.Қандай жағдай болмасын,осы берекелі күнімізден айырылмауға тырысайық.Себебі,татулық пен достық - біздің таптырмас бақытымыз бен байлығымыз.
Достық деген сөзді адамдар ұзақ уақыт бойы анықтауға тырысып келеді. Достық үшін ерліктер мен жанқиярлық істер жасалды, достық үшін олар күресіп, қайтыс болды. Бірақ бұл сөзді бірнеше сөйлеммен сипаттау іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әр адам өз мағынасында әр түрлі нәрсе қояды.
Достық - бұл ең алдымен көзқарастар мен ойлардың, екі адамның сезімдері мен қажеттіліктерінің ұқсастығы. Біз бұл сөзге адалдық пен тілектестікті әрдайым көмекке келуді, жанашырлықты сезінуді және жақын адамның бақытына, өзімізге деген қуанышты тілейміз.
Эссе
Достық пен татулық - таптырмас бақыт.