Талап Сұлтанбеков — 1930 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген қазақтың жазушысы. Алғашқы шығармаларын спорт тақырыбына арнаған. Талап Сұлтанбеков - тұңғыш рет қазақ тілінде "Дойбы деген не?", "Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ" атты көмекші кітап жазған спортшы, қазақ әдебиетінің тарихында ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан жазушы. Ғылыми қиял (фантастика) жанрына қалам тартып жүрген жазушы шығармаларының тақырыбы сан алуан. Жасөспірімдерге арналған "Көшпелі алтын", "Жүрек тулайды", "Жұлдыз ат", Лұқпан Хакім", "Тізгін", "Темір еліне саяхат" әңгімелері оқушыны қиялға, арманға жетелейді. Ол өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.
Дефистің қойылатын орындары: 1) лексикалық мағынасын сақтаған сөздерден жасалған күрделі сөздер арасына: инженер-технолог, батыр-ұшқыш; 2) қос сөздердің арасына: ел-жұрт, алай-дүлей; 3) сөзді тасымалдағанда; 4) реттік сан есімдер цифрмен жазылса, өзімен қатысты сөзбен араларына дефис қойылады: Дефис орфографиялық, сызықша пунктуациялық таңбаға жатады. Сондықтан дефис келген жерде кідіріс жасалмайды. Бұл - оның сызықшадан ажыратылатын басты белгісі. Екіншіден, дефис сызықша секілді сөйлемнің мазмұнына еш әсер етпейді. Үшіншіден, шартты түрде алғанда, дефис сызықшадан қысқаша болады. Р. Сыздықова сызықшаны қолданудың он жердегі орнын былайша көрсетеді: 1. Сызықша бастауышпен баяндауыштың арасына қойылады. 2. Сызықша бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қойылады.
Р. Сыздықова сызықшаны қолданудың он жердегі орнын былайша көрсетеді:
1. Сызықша бастауышпен баяндауыштың арасына қойылады.
2. Сызықша бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қойылады.