В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
milenasargsyan0
milenasargsyan0
30.03.2021 10:58 •  Қазақ тiлi

сделать задание только не пишите фигню

Показать ответ
Ответ:
NarkoBaronTif
NarkoBaronTif
03.06.2020 18:56
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
erasil1105
erasil1105
01.11.2020 13:38
Қазақтың тұрмыстық бұйымдары - бүкіл Орталық Азияның мұраты болып саналады. Көшпенділер малдың терісінен және ағаштан тұрмыстық бұйымдарды өрнектеп қиып, күнделікті өмірде қолданған. Мысалы: торсық, тостаған және сандық. Торсық жүні сыпырылған мал терісінен жасалады. Оған сүт, айран және басқа да сұйық бұйымдарды құйып, алыс сапарларға адамдар алып жүрген. Келесі тостаған, ол бүгінгі кәсенің рөлін атқарған екен. Оны ағаштан ойып жасап, кейінгі кезде сия және бояумен әшекейлеген. Үшінші бұйым - сандық. Киімді және жүкті жинап, сақтау үшін арналған құрылғы. Қазақтың салты бойынша, қыздың жасауы сандыққа салынып берілген. Бұл дәстүр әлі күнге дейін кей отбасыларда сақталған. Кеңес үкіметі кезінде бұл бұйымдар ұмытылса дағы, қазір қолданысқа қайта кіріп жатыр. Мысалы, біздің үйде қонақтар шақырылып, ет тартылған кезде, анашым міндетті түрде ағаштан ойылған кең астау қолданады. Ол қонақтарға деген ықылас пен құрметтің белгісі екен. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота