Егер мен мектеп директоры болсам,бəрін өзгетер едім.Біріншіден,мектеп киімін алып тастар едім. Əр балада киім туралы өз көзқарасы болу керек.Екіншіден, мектепте тамақтандыруды өркендетіп, оған жеміс пен көкөніс қосар едім. бассейн салып ,жүзу сабағын қосар едім. Мектеп ауласына көбірек ағаш,гүл отырғызар едім. Жазғы каникулды қысқартып, қысқы каникулды ұзартар едім,себебі,қыста мектепке жету өте қиын.Мен оқуға женілдеу кітап алар едім, өте ауыр портфель денсаулыққа зиян.Ең бастысы-мен үй жұмысын алып тастайтын едім,балалар таза ауада көбірек жүруге уақыт болады.
Егер де, менің мектеп директоры болуға мүмкіндігім болса, мен оқу процессін тағы да жақсартар едім. Ең алдымен, сабақтарын танымды əрі қызықты етіп өткізетін, ең керемет мұғалімдерді таңдар едім. Əр сыныпқа компьютерлер орнатар едім. Оқудан басқа, демалыста болар еді, бос уақытта концерттерге, табиғат аясына шығар едік. Оқушыларға арнап көптеген үйірмелер құрар едім, олар оған сабақтан соң немесе кешке барар еді. Жоғары сыныптағыларға, ұнататын пəніне көбірек баруға рұқсат берер едім, олардың өміріне қажет болады ғой. Мен əр оқушыға мектеп екінші үйі болуы үшін, қолымнан келгеннің бəрін жасар едім!
не благодари