-Сен дүйсенбі күні сабаққа барасың ба? -Иә, мен дүйсенбі күні сабаққа барамын. Сенің досың сейсенбі күні қайда барады? Менің дос... сейсенбі күні барады. -Сенің досың сәрсенбі күні не істейді? - досым сәрсенбі күні -Сен бейсенбі күні бассейнге барасың ба? - Жоқ. Мен бейсенбі күні бассейнге -Сен жұма күні не істейсің? - Мен жұма күні -Сен сенбі күні саябаққа барасың ба? -Иә, мен сенбі күні саябаққа -Жексенбі – демалыс па? (демалыс -выходной)
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады :
а) Интонация арқылы іргелесе байланысады :
Байжанның оны көруі біріншірет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша , сарғылы өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.
Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де , екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәлекер болып тұрады.
ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік ) арқылы байланысады: Құланбай күзеуден ерет қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді .
б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Салалас құрмалас .
2. Сабақтас құрмалас.
3. Аралас құрмалас.