Сейтен сымда тізіліп отырған қарлығаштарға жақындап келді. Аша таяғына жұп-жұмыр тас салды. Қарлығаштарға бағыттап тартып жіберді. Бейқам отырған құстар дүр көтерілді. Біреуі Сейтеннің аяғының астына топ ете қалды. Сүйріктей тұмсығынан қызыл қан ағып жатты.
Сейтен құсты аяп кетті. Жылап жібере жаздады. Ұстазының құстар туралы айтқан әңгімесін есіне түсірді. Өзінің істеген ісіне қатты өкінді. Кенет тістенді де, аша таяғын ортасынан қақ бөлді.
Мәтіннің әр бөлігінде қандай оқиға сипатталған? әр бөлікке ат қой. 1-бөлік 2-бөлік.
Кейіпкердің жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерін жаз. Жағымды... Жағымсыз
Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөжеақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов "Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870).
План1. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу ” жырының зерттелуі 2. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу ” жырының көркемдік ерекшелігі. 3. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу ” жырындағы салт – дәстүр көрінісі.
Мен денсаулығымды қалай күтемін?
Жаңа жыл басталысымен мен өз - өзіме «дәл бүгіннен бастап спортпен шұғылданамын және денсаулығымды күтемін» деп уәде бердім. Себебі, «еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, спортпен шұғылдануды ертеңге қалдыруға болмайды. Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.