шұғаның белгісі хикаясын әлем әдебиетіндегі қыздардың тағдыры суреттелетін шығармалармен салыстырып, сыни хабарлама дайындаңдар. Мысалы, орыс әдебиетіндегі Н. Карамзиннің Сормаңдай маңадй Лиза повесін қазақша поэма түрінде аударған қайым мұхамедханов
Берілген сөздерді мағынасымен сәйкестендіріп жазу.
1) босаға - г) киіз үйдің маңдайшасы мен табалдырығын қосатын және кереге бекітілетін ағаш
2) маңдайша - а) екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш
3) табалдырық - е) екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш
4) күлдіреуіш - б) түндікті көтеріп тұратын ағаштан иіп жасалған бөлшек
5) шөміш - т) ожау
6) төсекағаш - в) керует
7) тұтқыш - д) қазанды оттан түсіргенде қолға киетін қолғап тәрізді киіз
8) ішік - л) іш жағы аңның терісінен тігіліп,сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім
9) туырлық - м) кереге бойын шаңыраққа дейін жабатын киіз
10) үзік - к) туырлықтың бөлігі
11) белдеу - з) жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан
12) ши - и) киіз үйдің бөлшегі, шиден тоқылған бұйым
13)дөдеге - н) кереге басы тұсына оюлап жасалған әшекейлі киіз
14) түндік - с) шаңырақ үстінен жабылатын төрт бұрышты киіз
15) мосы - р) ілгегіне шелек, шәугім іліп тамақ пісіретін, үш тағанды темір құрал
16) ыңыршақ - п) өгізге жүк артуға не мінуге арналған ағаштан жасалған биік ер
17) ашамай - о) атқа мініп жүре алмайтын жас балалар үшін арнайы жасалған ер
18) аяққап - ж) көшкенде ыдыс-аяқ салатын киіз дорба