В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Clook2023
Clook2023
11.05.2020 21:32 •  Қазақ тiлi

Шалкиіз Тіленшіұлы шығарасынын тарихи және көркемдік құндылығы туралы жазыңдар МӘТІН
Шалкиіз жырау Жайықтың шығыс жағалауында дүниеге келген. Болашақ жырау мұсылманша жақсы білім, сахара салтымен тәрбие алған. Шығармаларына қарағанда, жырау билікке араласумен бірге бірде әскери жорықтар сапында, бірде әміршінің нөкері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралаған.
Шалкиіз ел басқарған хандар мен қол бастаған батырлардың қасиеттерін жырлап, елге үлгі етеді. Жыраудың ең көп жырлаған адамы – Темір би. Оның Темір биге арнаған екі толғауы сақталған.
«Би Темірге бірінші толғауында» кеше ғана Темір би сарайында шалқып жүрген өзі би, өзі батыр атақты жырауды бүгін тағдыр түзге тентіретсе, жыр дүлдүлінің бақ, мансабын көре алмаған орда маңындағы «күйбеңдескен көп жаман» жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойса, жырау не демек, өз көңіл-күйін қалай жеткізбек? Жырау Темір биге деген өкпе-ызасын, оның маңындағы жандайшаптарға деген кекті һәм сілтілі сөздерін бірден лақ еткізбей, алыстан орағыта, өз халін табиғат құбылыстарына ұқсата, жұптастыра, салыстыра толғайды.
Көркем шығарманың тарихи құндылығын оқиғаның шынайылығы, кейіпкерлердің өмірден алыну, тарих үшін маңызды оқиғаны мазмұндау секілді аспектілер құрайды.
Шығарманың көркемдік құндылығы – шығарманың композициялық, сюжеттік құрылысы, жанрлық өзгешелігі, сөзбен бейнелеу тәсілдері, яғни тіл кестесі.
Шалкиіз Тіленшіұлы ұзақ уақыт бойына Ноғайлы әміршісі Темір бидің қадірлі ақылшыларының бірі болған. Оның Темір биге арнаған 2 толғауы сақталған, олар тарих үшін аса бағалы.
Жыраудың Би Темірге арнаулары – ең алдымен, көңіл-күй құпиясын құдіретпен ауыздықтаған үздік өлең, әлемдік деңгейдегі поэзия. Тұнып тұрған теңеу айдарлы сөз. Шалкиіз сөзге көңілдің бар күйін: кегін де, айбарын да, ақыл өсиетін де, өзі мен өзгеге берер бағасын да, ханына деген өксікті өкпесін де сыйғызады.
Сүйінбай Аронұлы мен Шалкиіздің өлеңдері өз кезіндегі хан-қара, би-төре, бай-манаптарға, көзкөрген замандастарына қарата айтылған. Елдің мұңын мұндап, жоғын жоқтайтын, табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып отырды.
Шалкиіз бен Мұрат Мөңкеұлын біріктіріп тұрған – дәстүрлі машық, тіпті, әрі-беріден Мұрат Шалкиіз бабасының жырын естіп, соған ұқсатып жырлайыншы деген ниетінің өзі он батырдың бірі етіп Шалкиізді атап, қалмақтың қолын қайтарған шешен батырға айналдырып жіберген.
Шортанбай Қанайұлы мен Шалкиіздің шығармаларының келер ұрпақ үшін бағалы, таптырмас жақтары баршылық. Ең алдымен, ол өз кезіндегі əлеуметтік мəселені тұңғыш рет дерлік тиісті дəрежеге көтере білді. Сонымен қатар бұл мəселені шешуге, өзінің шама-шарқынша жауап беруге ұмтылған əдебиет қайраткерлерінің бірі болды. Ол халықтың бай ауыз əдебиетінен, оның тамаша дəстүрлерінен, жыраулық поэзиядан қол үзіп кеткен жоқ.
Шалкиіз жырларының түр, стиль, образ өрнектерінен Махамбет ақын және басқа да жыраулар игі өнеге алған. Қажет жағдайда Шалкиіз жолдары мен бейнелі тіркестерін өз жырлары арасында сол күйінде қолданып, не өзгертіп, жаңғыртып, ұстарта жырлаған.

Показать ответ
Ответ:
cneze
cneze
26.11.2020 10:37

мағанда керек еді тезірек

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота