Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
—Сәлеметсіз бе?Қалыңыз қалай?
—Қайырлы таң!Жақсы,өзіңнің ше?
—Менімде қалым жақсы.Сіздің атыңыз кім?Бірақ,менің тісім ауырып жүр.
—Менің есімім Айгүл.Сіздікі ше?Қай тісіңіз ауырып жүр?
—Айжұлдыз.Мына сол жақтағы тістер.
—Келіңіз,мында отырыңыз.Қазір тексереміз.
—Жақсы.
—Түсіндім.Тістер шіріп кетіпті.
—Неге?
—Сіз көп тісіңізді жумапсыз.Сол үшін сияқты.
—Ааа,білмеймін.
—Ал сіз тісіңізді жуасыз ба?Неге сіздің тісіңіз онда ауырады?
—Мен тісімді арасында жумаймын.
—Енді,осы үшін сияқты.
—Жарайды,ертеңнен бастап жуамын.
—Жақсы,сіз тісіңізді таңертең және кешке жууыңыз керек!
—Жақсы!
—Енді осы 2шіріп кеткен тісті алып тыстайық.
—Жарайды.
—Міне,алдым енді тісіңді күнде жуып жүріңіз!Енді 1айдан кейін тағы осы жерге келіңіз!Тағы тексеремін!
—Жақсы.Қанша теңге тұрады?
—2000теңге.
—Жақсы,алыңыз.Сау болыңыз.
—Сау бол.