В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Andreykins1
Andreykins1
22.05.2021 19:04 •  Қазақ тiлi

Шеген менің аяғымдағы толып жатқан жара мен жарықтарын көріп, басын шайқады да: – Уай, мынауың болмайды, – деді, «түсінемісің» дегендей, көзіме қадала қарап,
Ең ал-
Дымен, адамға бас керек. Онсыз өмір оған молданың көрінен де қараңғы болады. Онсыз өмір
«Құраннан» жаман, түсіне алмайсың. Екінші бізге аяқ керек. Қашсаң құтылатын бол, қусаң -
жететін бол. Керек боп қалса, құстай ұшатын бол! Мынадай табан бола ма екен! Қырық тесік!
Аяғыңның жалпы бітімі жаман болмағанмен, қазіргі халi қанағаттанарлық емес деп танимын.
Жата тұр құмның үстінде. Мен қазір келем, деп, Шеген қалаға қарай жүгіріп кетті.
Дәрі әкеледі. Екі күнде жазып береді! деді Бораш ұзай берген Шегенге риза көзбен
қарап. Жүзіндегі күрсініс ізі осы арада ғана түгел бір жойылып кетті.
Сен қалай аңсадың? — дедім Борашқа іскен оң тізесіне қолымды апарыл.
- Әй апам қораның төбесінен құлатып жіберді.
«Әй апасы» өгей шешесі екенін түсіндім де одан арғыны қазбалағаным жоқ. Бораш шорла-
Hып бітіп келе жатқан оң тізесін сипалай отырып:
Соқаның үстіне құлап түстім... Шеген ағам жазды ғой әйтеуір. Енді бір айда жүруге
карайсың дейді...Балық майынан жазылды. Тіпті жазылып қалып еді, әнeугүні дегдoм ұстап ала
жаздап, содан қашқанда тағы бүлдіріп алдым, – деді.
Бұл жолы өзінің қашып құтылғанына мақтанатындай жымиып та қойды.
— Мен де керемет жүйрікпін! — дедім мақтанғым келіп кетіп.
Ойбай... Шегендей емес шығарсың... Шеген қайда!? Ол. Ол ағып бара жатқан машинаны
қуып жетіп, асылып кете береді! Біреу көріп қалса, қарғып түсіп, кете беруі де түк емес. Ол
Әншейін желаяқ! — деді Бораш масаттана сөйлеп.
(Ғ. Мүсірепов)
ЖАЗЫЛЫМ
4
-тапсырма.
Мәтіннен есімдіктерді тауып, сөйлем құра.
Шыншыл
НАЙДИТЕ В ТЕКСТЕ СУЩЕСТВИТЕЛЬНЫЕ И СОСТАВЛЯЙТЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ​

Показать ответ
Ответ:
Яна00311
Яна00311
24.02.2023 22:26

«еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа! » (н.назарбаев). талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті отанымыз – қазақстан! қазақстан – тәуелсіз ел. сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші? ! еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. әсіресе, хх ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. тәуелсіздік – арман! жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл — еліміздің қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қ басқан жылы. сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. қазіргі қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі қ, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. қазіргі таңда қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ң жедел қарқынмен — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. бүгінгі қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. қазіргі таңда тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
12355689
12355689
02.04.2021 17:39

Әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену жолында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған тың бастамалардың қатары күн санап көбейіп келеді. Үстіміздегі жылы еліміздің бас басылымы арқылы жалпақ жұртқа рухани азық болатын ауқымы зор, маңызды мақаланы ұсынғаны да біздің жадымызда. Ол-«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы. Бүгінде ел ертеңі жолында аса қажет осынау маңызды құжаттың көптен қолдау тауып, мұндағы бастамалар жан-жақты көтеріліп келе жатқанын көбі біледі. Осы бір санаға сілкініс беру арқылы рухани жаңғыруға негізделген тың бастамаларға орай қолға алынып жатқан жұмыстар тізбегі де жоқ емес. Айталық, «Туған жер» бағдарламасы. Бұл бағдарлама туған елінің әрбір азаматын патриотизмге үндеп, өз еліне жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен қарай білуге баулиды. Мейлі ол бай болсын, кәсіпкер болсын, қолында билігі бар беделді азамат болсын, тіпті, қарапайым тұлға болса да өз елінің патриоты болуға үндеуде. Бұл жөнінде Елбасымыз аталмыш мақаласында:

...А -шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі,-деген еді.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота