Ішкі өлкеде «Қытайдың ұлы қорғаны» дейтін бар. Оның құрылысы екі ғасырға созылған. Ұлы қорғанды Қытай императорлары біздің түп аталарымыз — көшпелі гундерден қорғану үшін тұрғызыпты. Қазір мұндай бекіністер жалғыз Шәуешекте ғана емес, Үрімжі, Құлжа, Сүйдің, Күре сияқты басқа қалаларда да салынып жатыр. Бұл қамалдар бұрынғыдай қорғанысқа жарамаса да, әйтеуір осы өлкенің қазақтікі емес, Маншың өкіметінің жері екенін әйгілеп тұратыны анық..». Үзіндіден авторлық идеяны табыңыз. Шығарманың идеясының өмірлік жағдайлармен байланысына дәлел келтіріңіз анықтаңыз.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Мақал мәтелдер:
1)Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
2) Туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас.
3) Ел іші — алтын бесік.
4)
Ел-елдің бәрі жақсы,
өз елің бәрінен де жақсы.
5) Ер — елінде, гүл —жерінде.