Шығармашылык үзс
6. берілген тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, «манас
какпасы» тақырыбына әңгіме құрастыр.
тірек сөздер: «мәңгілік ел» тәуел-
сіздік қақпасы, монумент, сәулет,
«отан-ана», «әйел-ана», «ақсақал»
ескерткіштері, тұрақтылық, «тайқа-
зан», қонақжайлылык.
жоспар:
1. қақпаның жалпы көрінісі
2. қақпадағы мүсіндер
3. какпаның маңызы
Бүгін ашық аспан, теңіз беті тыныш. Ұйқыдан тұрған адамның денесін тоңазытып, сергітіп жіберетін желпи соққан салқын самал ғана. Күн жарқырап, нұрын таратып тұр.
Бірден батыс жақтан көз ұшында бұлдырай көрінген ақжал толқындардың үстінен түйдектелген қою қара бұлт шығып, өрлей берді. Ол барған сайын зорайып, қанатын жайған қарақұс тәрізденіп өсе түсуде. Бірден-бірге қомақтанып, орасан зор жылдамдықпен жақындап келеді. Біршама уақыт өткеннен кейін алғашында бір уыстай ғана болып көрінген әлгі бұлт аспан әлеміне кеңінен жайылып, батыс жақты түгелдей қаптап алды. Бұлт басқан аспан уақыт озған сайын түнере түсіп, сұрғылт тартып барады. Манағы самал жел де қатаяйын деді. Жай ғана лықси жылжып, баяу шұбатылып жатқан толқындар да үлкейіп, біріне-бірі көбік шаша қақтығысып, буырқанып, ашу шақыра бастады.
Ана тілің – арың бұл.
Ана тілі - әрбір адамның бойына анасының ақ сүтімен дарыған тілі. Менің ана тілім - қазақ тілі.
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!
Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.
Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Объяснение: