Соңғы жүргізілген зерттеу нәтижелері жұмыс орындарының көпшілігіне қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Яғни, қазір бізге таныс мамандықтар болашақта қажет болмай қалуы әбден мүмкін. 2020 жылға қарай әлем бойынша еңбек нарығында 40 млн жоғары білімді маманға қажеттілік болады деген болжам бар. Дегенмен ірі мемлекеттердің тұрғындарында «Білім алған саламыз сұранысқа сай болмай қалмай ма?» деген күдік пен үрей басым екен. «Pew Research Center» жүргізген зерттеу нәтижесіне сенсек, америкалықтардың 87 пайызы жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қосымша білім алуға дайын екендіктерін айтыпты.
Сонымен қатар аталған баяндамада сарапшылардың 48 пайызы болашақта робот техникасының дамуы салдарынан жұмыс орындары азаятынын айтқан. Олардың айтуынша, бір робот мың адамның орнын басып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеуі мүмкін.
2015 жылы Оксфорд университетінің ба Ричард Сасскинд пен Дэниель Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» («The Future of the Professions») атты кітабы жарық көрген. Онда болашақта қазіргі мамандықтарды екі түрлі өзгеріс күтіп тұрғаны айтылған. Біріншіден, жаңа технологиялар дәстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі мүмкін. Мысалы, дәрігер емделушімен «Skype» арқылы байланысады, сәулетші дизайн жасау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолданады. Екіншіден, технологиялар кез келген салада проблемаларды шешудің тиімді тәсіліне айналады. Мысалы, жоғарыда айтылған медициналық онлайн диагностикалау маманының жұмысын жеңілдетсе, кейбір жаңа технологиялар кесірінен қызметкерлер жұмысынан айырылуы мүмкін. Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін.
1-тапсырма. Түрлендіріліп берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- Дамыған мемлекеттің халқы неден қорқады?
- Олар қауіптің алдын алу үшін қандай шараға қадам баспақ?
- Робототехниканың дамуының салдары бар ма? Қандай?
- Болашақ мамандар үшін жаңа технологиялардың қандай оң және теріс әсері болуы мүмкін?
* Картоп Ұлы Петр астында Ресейде пайда болды, және азаматтардың бұрын алып тастау үшін тозаққа барды.
Саңырауқұлақтар сияқты өсіп келе жатқан * Жақсы бағбан картоп. біз оған қарауға ғана жаман нәрсе.
* Қияр мен қызанақтың жиналды және жасыл болады. Олар тамаша подоконник бойынша пісіп жатыр.
* Құлпынай усы, және ол алыс адамдарды көбейтеді.
* Ыстық ауа, көптеген өсімдіктер күту мүмкін емес.
* Шие, кей жерлерде басталды, онда бір жерде сіз оны ұстап емес, кішкентай қызыл алма пайда ...
Ата – ана туралы мақал – мәтелдер.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
* * * * *
Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.
* * * * *
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қырырсаң білерсің.
* * * * *
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
* * * * *
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
* * * * *
Ақ шашты ана:
«Жастығым - балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім - анам» дейді.
* * * * *
Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
* * * * *
Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.
* * * * *
Бала –
Ананың бауыр еті көз нұры.
* * * * *
Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.
* * * * *
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.
* * * * *
Өз кемеріңнен шыққан баланы
Бал сүтіңмен бағарсың.
Бал сүтіңмен бақпасаң,
Қайтіп көңілін табарсың?!
* * * * *
Мейірімі мол ананың –
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
* * * * *
Ақ жаулығы ананың –
Ақ көрпесі баланың.
* * * * *
Ана алақанының аясы –
Ақы шынардың саясы.
* * * * *
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
* * * * *
Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.
* * * * *
Әкеден – ақыл,
Анадан – мейір.